АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КАФЕДРА БАСТЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР СОҒЫСҚАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТІП ҚАЙТТЫ

Батырларымыздың ерлігіне тағзым ету кейінгі ұрпақтың борышы. Сондай үлгілі істің бірі — Жеңіс мерекесі қарсаңында ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының арнайы тактикалық кафедрасы бастығы Олег Цой Мәскеу облысындағы Даңқ обелискесіне тағзым етіп қайтты.
1941 жылы соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберілді.1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсеткен болатын. Мәскеу қаласын қорғауда Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы шебер ұрыс тактикасын танытқан еді.
Алматы академиясы арнайы тактикалық даярлық кафедрасының бастығы полиция полковнигі Олег Цой алматылық жерлестерінің ерлігіне академиядағы әріптестері атынан тағзым етіп қайтты. Сұрапыл соғыста Кеңес әскері жауынгерлерінің ерлік көрсетуінің үлгісі болған Панфиловшы батырлардың ерлігі ешқашан ел есінен өшпейді.

Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – халықтың қазынасы» деген сөз бекер айтылмаған. Ана...

Санкционирование постановлений судисполнителей 

Санкционирование постановлений судебных исполнителей о временном ограничении на выезд...

Если наследник умер, не успев принять наследство

ИНОГДА ЖИЗНЬ РАСПОРЯЖАЕТСЯ ТАК, ЧТО НАСЛЕДНИК УХОДИТ ИЗ ЖИЗНИ,...

Опасный феномен «аптечной наркомании»

В ПОВСЕДНЕВНОЙ ЖИЗНИ ЛЮБАЯ АПТЕКА ТРАДИЦИОННО ВОСПРИНИМАЕТСЯ КАК ИНСТИТУТ,...