Екінші дүниежүзілік соғыста қанша қазақcтандық қаза тапты?

Екінші дүниежүзілік соғыста қанша қазақcтандық қаза тапты? Tengrinews.kz редакциясы еліміздің Жеңіске қосқан үлесі туралы әңгімелейді.

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында одақтық республика (Қазақ КСР) мәртебесінде КСРО құрамында болды. Соғыс басталған кезде біздің елден 178 мыңға жуық адам Қызыл Армия қатарында болды. Олардан бөлек 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды.

Ресми басылымдар Екінші дүниежүзілік соғыс майданында 600 мыңнан аса қазақстандықтың қаза тапқанын хабарлайды. Яғни, әскерге шақырылғандардың жартысы соғыстан оралмаған. Қаза болғандар — Қазақстан халқының 11,2 пайызы.

Сонымен қатар, соғыс кезінде тылда да көп адам көз жұмды. Мәселен, E-History.kz порталы республиканың бейбіт тұрғындарының тікелей шығыны шамамен 300 мың адам, жанама шығыны 592 038 адам болғанын жазады. «Соғыстың әр жылы үшін орта есеппен 104 445 адам қаза тапты. Өлім-жітімнің жоғары деңгейі халықтың барлық санатының қалыпты өмір сүру жағдайларының ұзаққа созылуымен байланысты болды: тамақтанбау және шаршау, асқазан аурулары, ауыр еңбек жағдайлары, дәрігерлердің майданға жұмылдырылуына байланысты білікті медициналық көмектің болмауы жағдайды қиындата түсті».

Сондай-ақ, бұған дейін «Атамның аманаты» бірлестігінің қоғам қайраткерлері Екінші дүниежүзілік соғыс далаларында шайқасқан 271 мың қазақстандықтың хабарсыз кеткенін хабарлаған болатын. Яғни, жалпы алғанда, соғыс жылдарында Қазақстан миллионнан аса адамнан айырылуы мүмкін.

Ұлыбританияның ресми шығыны 380 000 адам, АҚШ-тың 417 000 адам, Италияның 479 000 адам және Францияның 665 000 адам болған.

КСРО-ның шығыны 26 миллионнан аса адам, ал Германия 8 400 000 адамға дейін жетті.

Еліміздің өкілдері Ұлы Отан соғысының барлық шайқасына қатысты. Қазақстаннан жүз мыңнан аса жауынгер түрлі марапаттарға ие болды, 500-ден аса адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі туралы айтқан болатын. «Әскерді қамтамасыз етуде Қазақстан шешуші роль атқарды. 10 оқтың 9-ы қазақ қорғасынынан құйылды. Майданға 1500 вагон киім-кешек пен азық-түлік жібердік. Яғни, жеңіске қосқан үлесіміз айқын болды», — деді Елбасы «МИР» телеарнасына берген сұхбатында.

«Қазақстаннан шақырылған әрбір екінші сарбаз майданда қаза тапты. Қаза тапқан батырлардың есімі халық жадында мәңгі сақталады. Біздің міндетіміз — мұндай қайғылы оқиғаның қайталанбауы», — деп жазды Тоқаев 2021 жылы.

Алматыда рұқсатсыз салынған сауда орындарын бұзу басталды

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында заңсыз салынған сауда орындарын бұзу жұмыстары басталды. Нысандардың жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болды.

21 қазанда бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанда 21 қазанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады. Бірқатар қалада жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Елімізде қандай мамандар жетіспейді?

Қазақстанда бір маман бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме түскен, ал IT мен медицина саласында кадр тапшылығы бар.

Қазақстандықтардың бюджетіне қандай шығындар көбірек салмақ түсіреді? 

Қазақстандықтар ең көп ақшаны азық-түлікке жұмсайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында халықтың барлық ақшалай шығыстарының 50,5%-ы азық-түлік тауарларын сатып алуға кеткен.

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.