ҚАЖД БҚО бойынша №28 мекемесінде Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының тапсыры негізінде «Қазақстан Адам ресурсы» қоғамдық қорының мұрындық болуымен «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» атты сотталғандар арасында спорттық сайыс болып өтті. Сайыс, экстремизм мен терроризм бабымен сотталғандарды оңалту және сотталғандардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында оздырылды.
Шара барысы Мемлекеттік Әнұранмен басталып оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуден басталды. Мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Арман Конакбаевич сөз алып сотталғандарды мерекемен құттықтап, тезірек шығуларына тілектестік білдірді. Жарыс футбол, қол күресі, гір тасын көтеру түрлерінен сынға түсті. Барлық жүлдегерлерге қоғамдық қор тарапынан сыйлық пен мақтау қағазымен марапатталды. Осындай тәрбиелік мақсатта игі шаралар алдағы уақытта өте беретін болмақ.


