5 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер Қазақстандағы 5 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ауқымды антициклон ықпалынан республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында фронтальды белсенділіктің өтуімен күн күркіреп, кейде қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста және шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батысты тұман басады.

«Түнде Алматы, Жетісу облыстарында, Ұлытаудың шығысында, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында, Ақтөбенің солтүстігінде, Қостанай облыстарының оңтүстік-шығысында, топырақ бетінде 1-6 градус аяз болады», — делінген хабарламада.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел 15-20, екпіні 23-28, таулы аймақтарда 30 м/с және одан да көп күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 2-7 метр болады. Ауа температурасы түнде 0,-2 градус, күндіз +20+22 градус.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,+2 градус, топырақ бетінде -1-3 градус аяз, күндіз +12+14 градус.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші секундына 8-13, 15-20, күндіз 25 метр болады. Ауа температурасы түнде +7+9 градус, күндіз +21+23 градус.

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғыру мен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа қадам

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі...

Парламентские выборы в Казахстане: новый шаг на пути модернизации и лидерства в Центральной Азии

Предстоящие парламентские выборы станут закономерным этапом политических преобразований в...

Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент...

Псевдопохищение и драка за донаты: 9 стримеров наказали в Казахстане

Министерство внутренних дел Казахстана привлекло к административной ответственности девять...

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...