СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінде 7 және 9 мамыр қарсаңында мерекелік іс-шара өтті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында салтанатты іс-шара өтті.

Дәстүр бойынша салтанатты іс-шараның ашылуы Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Департамент бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Әділет Мұстафинов қызметкерлермен, ардагерлермен және шақырылған қонақтар алдында құттықтау сөз сөйлеп, марапаттады.

«Осы маңызды күні біз өмірлерін әскери қызметке арнап, ант берген қаһараман азаматтарға құрмет көрсетеміз. Қазіргі уақытта жауынгерлік бекетте адал қызмет атқарып жатқандарға алғыс сөздерімді білдіремін.

Қызметтік борышын орындау кезінде қаза болған қызметкерлерімізді де атап өткім келеді, олар туған жерін батыл қорғаған ата-бабаларымыздың қаһарман жалғасы болып табылады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстанның Тәуелсіздігін сенімді қорғай отырып, өздерінің рухын және жауынгерлік дағдыларын бүгінгі күні де табысты көрсетуде»,- деп атап өтті Әділет Хажетұлы.

Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің ардагерлерінің арасында 15 тыл еңбеккері және концлагерьдің 1 бұрынғы тұтқыны еңбек сіңірген демалысында. Ардагерлерге тұрақты негізде барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі.

Іс-шара барысында ҚР ІІМ Министрінің, ҚР ІІМ ҚАЖК Төрағасының және СҚО бойынша ҚАЖД басшылығының бұйрықтарымен 70-тен астам қызметкер, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің 10-ға жуық ардагері марапатталып, көтермеленді.

ҚР Ішкі істер Министрінің құқықтарымен бірқатар қызметкерлер «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Кылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге байланысты ерекше көзге түскен қызметкерлерге арнаулы атақтар мерзімінен бұрын берілді.

Сонымен қатар, Департамент бастығының құқықтарымен 30-дан астам қызметкер мен ардагер «Қазақстан полициясына- 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Іс-шара соңында облыстық филармония әртістері патриоттық әндермен және би нөмірлерімен мерекелік концерт дайындады.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...