Екі сотталғанға ескерту берілді

Түркістан облысы көлемінде «Құқықтықтәртіб» атты профилактикалық іс-шара өткізілуде. Осы шара барысында Келес аудандық пробациялық бақылауда есепте тұрған екі сотталғаның сот жүктеген міндетті орындамағаны анықталып, оларға ескерту жарияланды.
Атап айтар болсақ, аталған шара пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың жүріс-тұрысын бақылау, олардың тарапынан жасалынған құқық бұзушылықтарды жүргізіліп дер кезінде анықтау және қайта қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын-алу мақсатында өткізіліліп тұрады.
Осы орайда Келес аудандық пробация қызметкерлері мен аудандық ПБ учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп қоғамнана оқшаулаусыз сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларында болып, олармен кездесіп, әңгіме жүргізілуде. Бұл жедел-профилактикалық іс-шара барысында шартты түрде жазасын өтеушілердің белгілі бір шекарадан шығу-шықпауы, сотты болған тұлғаның хабар бермей ел ішінде жүруі, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық жасауы сынды жұмыстардың алдын-алу нәтижесіне талдау жасалынды.
Сондай-ақ, аталған жедел-профилактикалық шарасы аясында Түркістан облысы Келес аудандық пробация қызметі есепте тұрған азаматтардың пікірін тыңдап, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, қоғамдық ортаға бейімдеп, жұмысқа орналасуына ұйытқы болуды жоспарлап отыр. Осындай жобаның арқасында қоғамдық тәртіп бір жүйеге келіп, құқық бұзушылықтар барынша азайады деген сенімдеміз.

Осындай тексеру жұмыстарының нәтижесінде екі сотталған азаматтың жаза өтеу ережесі бұзғандығы анықталып, оларға ескерту жарияланып жергілікті сотқа ҚР ҚК-нің 44 бабы 3-тармағына сәйкес ұсыныс жолданды. Бір сотталған тұрғылықты мекенжайында болмағаны, ал екінші сотталған ескертусіз тұрғылықты мекенжайын ауыстырғаны анықталды. Біздің мақсатымыз, пробация есебінде тұрған сотталғандардың тарапынан қылмыстың алдын алу болып табылады. Сондай-ақ, олардың қоғамға бейімделіп жұмысқа араласуына, кәсіпкерлік бойынша білім алуына мүмкіндік жасаймыз. Біздің аудандық пробация қызметі есебінде тұрған сотты болған азаматтардың біршамасы жұмысқа орналасып, олардың арасында өзінің кәсібін бастағандар да бар. Сондай-ақ, шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын да жүргізуде, — деді Келес аудандық пробация қызметі бөлiмiнiң бастығы әділет майоры Нұрдәулет Аширбаев.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...