Тұрғынның телефоны мен ақшасын ұрлаған жас қыз анықталды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда жәбірленуші ер адам, жұмыс орнында тұрған сырт киімінің қалтасынан ұялы телефон мен ақшасын қолды еткенін хабарлады. Жәбірленушіге 260. 000 теңге көлемінде шығын келген. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Ақпарат алысымен оқиға орнына жылдам жеткен тәртіп сақшылар ұрлық болған шеберханаға бет алды. Жақын аймақтарды тінтіп, жіті қарап шықты. Нәтижесінде күдікке ілінген жас қыздың жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, сезікті жас қыз, есігі ашық тұрған шеберханаға кірген. Содан қараусыз тұрған ұялы телефон мен ақшаны алып, оқиға орнынан ізін суытқан. Жас қыздан қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...