Сотталғандар жүзден астам бейнебақылау камерасын сындырды

Шымкенттегі сотталғандар түзеу мекемесіндегі бейнебақылау камераларын жаппай сындырып, істен шығарды.

Шымкент қалалық ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенер болсақ, жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің № 53 қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде қылмыстық жазасын өтеп жатқан сотталғандар беттерін бас киімдері мен матаның астына жасырып, қолдан жасалған заттарды қолдана отырып, мекемедегі 135 бейнебақылау камераларын жаппай істен шығарған. Сонымен қатар, Шымкент қалалық ҚЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушылар өз беттерін матамен және бас киіммен жасырған. Бұл оқиға биліктің қатты алаңдаушылығын тудырды, себебі Шымкент колониясы Қазақстандағы ең қатаң колониялардың бірі болып саналады. Мұндай оқиға сотталғандарды осы мекемеде ұстау режимінің қатаңдатылуына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, мұндай бейнебақылау камераларын жаппай сындыру фактісі бірінші рет орын алып отыр екен.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...