Пробация есебіндегі сотталғандар жұмыспен қамтылуда

Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Қызылорда қалалық пробация есебіндегі жұмыссыз сотталғандар қатысты.

Мен пробация есебінде тұрғандықтан бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне келдім. Қолымнан келетін жұмыстың ішінен қалалық жылу беру орталығына жұмысшы ретінде жолдама алдым. Қолымнан келген жұмысты жасап, отбасымды асырағым келеді. Жоғарғы білімімнің жоқтығынан, сонымен қатар пробация есебінде тұрғандықтан көбіне тұрақты жұмысқа орналасу қиындық тудырады. Осындай мүмкіндік берген жұмыс берушілер мен ықпал етуші азаматтарға алғысымды білдіремін, — деді Р. есімді азамат.

Нәтижесінде пробация қызметіндегі есепте тұрған екі сотталған жұмыс беруші тарапынан 2 жолдамаға ие болды.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әлеуметтік көмектегі әділдік: мемлекет қолдауы кімдерге бағытталуы керек?

Айтпақшы, Жетісай ауданындағы бұл үй шынымен бар. Онда расында...

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...