Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №2 мекемесіне Қасиетті Рамазан айында Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасының Астана қаласы бойынша «Әзірет Сұлтан» мешітінің найыб имамы Мұратбек Мұхтарханұлы Қыстаубаев, Діндерді зерттеу орталығының теолог мамандарының қатысуымен №2 мекемесіндегі ораза ұстаған сотталғандарға «ауызашар» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны өткізу барысында мешіт имамның қатысуымен «Қасиетті Рамазан айы» тақырыбында, сотталғандарға уағыздар айтылып, діни ілімдер жайлы дәріс жүргізді, іс-шара сонында «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС-нің теолог маманы қари Али Бахтиярханұлы Сейдулла Құран оқып сотталғандарға бата жасады, өз кезегінде сотталғандарда атқарылған іс-шара үшін алғыстарын білдіріп рахметтерін айтты.
Атқарылған іс-шараның мақсаты №2 мекемеде сотталғандардың радикалды көзқарастан арылту, деструктивті діни ағымдардан алшақтатуға бағытталған идеологиялық, алдыналу — профилактикалық, сондай-ақ діни экстремизм және терроризм идеологиясына жол бермеу, сотталғандардың иммунитетін қалыптастыру болып табылады.
Атқарылған іс-шараға мекемедегі ораза ұстаған 100-ге жуық сотталған қатысты.
Мекеме әкімшілігі атқарылған іс-шара үшін Астана қаласы бойынша Дін істер басқармасына және «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС-нің қызметкерлеріне алғысын білдіреді.


