58 жастағы азамат жазасы ауыстырылып бостандыққа шықты

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтейтін С. есімді азамат жазасы ауыстырылып мерзімінен бұрын босатылды.

58 жастағы ер адам ҚР ҚК-нің 296- бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Енді оның жазасы ҚР ҚК-нің 73 бабына сәйкес, сот шешімімен шартты түрге алмастырылып, еркіндікке жолдама алды.

Мекеменің Арнайы контигент арасында әлеуметтік –психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің жасақ бастығы, әділет капитаны Н.Абдрамановтың айтуы бойынша: Сотталғандардың ертерек еркін өмірге қосылуына олардың түзеу мекемесіндегі тәртібі айрықша әсер етеді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 73-бабы 1-бөлігіне сай онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін.

Осы негізбен сотталған С. жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтініш хаты қанағаттандырылды.

Жазасының өтелмеген бөлігі (1 ж 7 ай ) мерзімі, жазаның қосымша түрін өтеуден босатусыз, жазаның неғұрлым жеңіл түрі бас бостандығын шектеу жазасымен ауыстырылды.

Өйткені, бұл азамат жазасын өтеу барысында белгіленген ішкі күн тәртібі ережелерін және режим талаптарын бұзбаған.

Барлық тәрбиелілік іс- шараларға белсене қатысып, екі көтермелеу шарасы қолданылған, жазалау шарасы жоқ, жеңілдетілген жағдайда ұсталатынып, дәрежесі екінші оң мінез-құлықты деп айқындалғанын мәлімдеді.

Жазасын өтеушіні мекеме қақпасынан туыстары күтіп алды.

Ал, ТИБККО орынбасары, әділет лейтенанты Т.Сейталы оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіріп, бостандықта қайта қылмыс жасамауға шақырды.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...