Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында тренингке қатысты

Түркістан облысы Полиция департаментінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – адам құқықтарын бұзу» тақырыбында ұйымдастырылған тренингке қатысты.

Екі тәулікке жоспарланған іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның қоғамға әсері мен зардап шеккендерге көмек көрсету механизмдері түсіндіріліп, зерттелді. Яғни қатысушылармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың күрделі динамикасын түсінуге, оның жолын кесудің озық практикалық дағдыларын дамытуға көмектесетін дәрістер, интерактивті ойындар және топтық жұмыс атқарылды.

Тренинг барысында барлық қатысушылар қызығушылық танытып, белсенділік танытты.

Жалпы полицейлерге бұл тренингте алған білімдері Түркістан облысының тұрғындары үшін қауіпсіз жағдай жасауға көмектеспек. Ең бастысы тәртіп сақшылары тарапынан зорлық-зомбылыққа жол бермеу жұмысы одан әрі жандана береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...