12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Айбек БАРЫСОВ, Экономикалық ұлтшылдық қозғалысының жетекшісі: «ПАЛАТАНЫҢ ЖАСЫРЫН САЛЫҒЫ КОНСТИТУЦИЯҒА САЙ ЕМЕС»

Экономикалық ұлтшылдық қозғалысының көшбасшысы, кәсіпкер Айбек БАРЫСОВ жұртшылыққа сайлау науқаны кезінде танылды. Парламент Мәжілісіне тәуелсіз үміткердің бірі болып, депутаттыққа өтпей қалғанымен, Барысов саяси жолын ары қарай жалғастырмақ. Ол серіктестерімен бірге жақында тіркеуден өткен Экономикалық ұлтшылдық қозғалысын дамытуға күш саламыз деп отыр.

– Айбек мырза, біздің білуімізше, ҚР Әділет министрлігі Экономикалық ұлтшылдық қозғалысын ресми түрде тіркеген екен. Ұйымның алдына қойған мақсаты мен міндетін толығырақ айтып берсеңіз?

– Экономикалық ұлтшылдық қозғалысы қазақстандық бизнесті біріктіреді. Нақты айтқанда, бюджеттің ақшасы, халықтың ақшасы барынша елімізде қалғанын қалайтындардың басын қосады. Жалпы, елімізде қазақстандықтарға арнап тым болмаса бір жұмыс орнын құра алғандардың барлығы қозғалысымыздың әлеуетті мүшесі болып табылады. Қозғалыс осы бағытта дамитын болады. Біздің басты мақсатымыз – ел басшылығының, үкіметтің жұмысын отандық бизнесті, отандық өндірісті, отандық қызмет көрсетушілерді қолдау жағына қарай бағыттау. Тауарлар мен қызметтердің арасындағы қазақстандық үлестің барынша жылдам қарқынмен арта түсуіне ықпал ету. Сонда ғана бұл жаңа жұмыс орындарының құрылуына, өндіріс орындарының көптеп салынуына, технологиялардың трансфертінің артуына алып келеді. Басты мақсатымыз осы.

– Қозғалыстың алдағы уақытта атқаратын іс-шараларының жоспары нақтыланды ма?

– Іс-шаралардың ең негізгісі үкіметпен арадағы коммуникацияны жақсартып, оларға біздің негізгі идеямызды, проблемаларымызды жеткізу. Екіншіден, біз «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын не реформалауға, не болмаса оны таратуға қол жеткізуге ниеттеміз. Өйткені, оның бүгінгі күні заң аясында белгілеп отырған жасырын салығы Конституцияға сай келмейді. Біз Конституциялық сотқа осыған байланысты бірнеше шағым түсірдік. Аталған норманы алып тастауға ықпал етуге тырысатын боламыз. Неге десеңіз, «бизнес ұлттық палатаға міндетті түрде қатысуға тиіс» деген талап пен оған төлейтін жарна түріндегі жасырын салықты біз заңсыз деп есептейміз.

– Экономикада ұлтшылдық пен мемлекетшілдіктің айырмасы бар ма?

– Назарбаевтың тұсында құрылып жұмыс істеп келген, елді басқарған компрадорлық жүйеге экономикалық ұлтшылдық тән қасиет емес. Мемлекетті басқарудың осындай компрадорлық жүйесінің, соның аясында қабылданған заңдардың салдарынан қазіргі таңда біз тек шикізат экспортымен ғана айналыса аламыз. Заңдар тек шикізат экспортын жүзеге асыруға болатындай және оны оңайлата түсетіндей етіп жасалған. Басқа тауарлардың барлығы елге импортталады. Мысалы, машина жасауда біз 96% импортқа тәуелдіміз. Қарапайым жалғыз мысал, елімізде свитер жейделердің баламасы бола тұра ол жүз пайыз сырттан әкелінеді. Қорғаныс министрлігі, тіпті Үкімет басшысы да импортты қолдайды.

– Экономикалық ұлтшылдық қозғалысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының экономикадағы монополиясын жоя ала ма?

– Біз «Атамекен» ҰКП монополиясына қарсы тұруымыз керек. Өткен уақыт ішінде байқағанымыздай, бұл палата елге еш пайда әкелген жоқ. Ол үкіметке тәуелді және іс жүзінде бизнес жөніндегі министрлік болып табылады. Солай бола тұра, ол өз функциясын атқара алмайды. Ешнәрсе тындырмайтын, қолынан ештеңе келмейтін масыл құрылымға айналғанымен қоймай, ұлттық экономикаға керісінше нұқсан келтіріп отыр.

– Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі туралы не айта аласыз?

– Біз Еуразиялық экономикалық одақтан сөзсіз шығуға тиіспіз. Бірақ экономикалық барлық мәселелер саяси және әскери мәселелерге айналып кетпеуі үшін барынша ойластыра, мейлінше абайлап, мұқият есептей отырып одан шығуымыз керек. Өйткені, арамыздағы түрлі экономикалық байланыстар тығыз, өзімізге жүктеп алған міндеттемелеріміз баршылық. Кезінде жеке-дара шешіммен қабылданып, жасалған бұл қадам тек бізге ғана емес, келешек ұрпағымызға да салқынын тигізбей тынбайды.

– Жалпы елімізде халықаралық, аймақтық, әлемдік ұйымдармен ықпалдастықтың пайдасы мен зияны қаншалықты сарапталады?

– Экономикалық ұлтшылдықтың дамуын мейлінше жоғары деңгейге көтеруіміз қажет. Сонда өздерін түркі мемлекеттеріміз деп айқындайтын, Түркі одағының елдері өзара келісімге келе алады. Мысалы, айталық, Өзбекстан мақта өсіреді, Қазақстан одан мата жасайды, ал тігін өндірісімен Түрікменстан айналысады деп өзара келісімге келе аламыз. Қазақстан өңдеумен, ал Қырғызстан одан да тереңірек өңдеумен шұғылданады дегендей. Ол үшін саяси ерік пен жігер керек, барлық бағытты осыған ыңғайлап бұру қажет болады. Осы тектес халықаралық келісімдерге келмес бұрын, ең алдымен өз елімізде технология түрлері дамуы үшін, ақша-қаражаттың барынша ел ішінде қалуын ойлау маңызды. Сонымен бірге, бұл жерде еліміздің азаматтарын көбірек жұмыспен қамту үшін ел экономикасын, өз өндірістеріміз бен өзіндік бизнесімізді жөнге келтіріп, тәртіп орнатып алғанымыз абзал.

– Ұлттық жобаларды қалай нәтижелі етуге болады?

– Ел экономикасындағы тауқымет пен дағдарысты тек нарықтық жолмен басқару үрдісін жолға қоя алған, нарықтық әдістермен басқарылатын жекеменшік компаниялар мен жеке бастамашылар ғана шеше алады. Осындай сәтті шыққан, үлгі тұтуға боларлық жобалар бар. Оған мақтаны терең өңдеп, дайын матаға және дайын өнімге дейін айналдыра алу деңгейіне жеткен «Азала» компаниясын мысалға келтіруге болады. Ол технологияларды сатып алып, оны Қазақстандағы өз өндірісінде қолданысқа енгізді. Алайда қазіргі таңда осы компания құрған конструкторлық бюрода кез келген техника түрін өндіре алатын «Парамаунт Инжиниринг» секілді жобаларды саусақпен санарлық деп айтауға болады. Өкінішке қарай, бұл жобаларды жүзеге асыруға үкіметтің іс-әрекеттері емес, керісінше оған қарама-қайшы бағытта жасалған жеке бастамалар ұйытқы болды.

– Сұхбатыңызға рақмет.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....