Көлгінов Астанада жиналған жаңаөзендік жұмысшылар туралы пікір білдірді

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов үкімет отырысы кулуарында елордаға Жаңаөзеннен келген мұнайшылар төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ҚазМұнайГаз» еншілес компанияларының жағдайы туралы. Тендерлік процедуралар жүргізілгенін білесіздер, ал ұтылған компания, оның жұмысшылары қазір қайта қарау (тендер қорытындысын – еск.) мәселесін көтеріп жатыр. Бірақ бәрі заң аясында шешілуі керек. Қазір Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» өкілдері келіссөздер, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», — деді Көлгінов.
Вице-премьердің айтуынша, бұл келіссөздер процесі және барлығы заң аясында шешілуі тиіс.

«Олар жеңілген компанияның тендерде жеңгенін қалайды. Бірақ бұл мүмкін емес. Біз мұны заң аясында жасауымыз керек. Тендерлік талаптар бар, не сотта, не заңды түрде бәрін қарастыру керек. Сондықтан жай ғана талап қою, кем дегенде, дұрыс емес. Біздің міндетіміз оларға бос жұмыс орындарын ұсыну. Мемлекеттік органдар осылай істеп жатыр», — деп қосты Көлгінов.
10 сәуірде жаңаөзендік жұмысшылардың Астанаға жиналғаны хабарланды. Энергетика министрлігінің ғимараты алдына адамдар жиналды, олардың саны 60-70-ке жуық.

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...