Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі

Алматыдағы №36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжанат Тілеген амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі жайлы әңгімелеп берді
Айтуынша, диспансерлік есепте тұрған, белгілі бір сырқат түрлерімен ауыратын науқастар амбулатория деңгейінде дәрімен қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек және МӘМС пакеттері шеңберінде беріледі.
«Мысалы, анемияға шалдыққан репродуктивті жастағы әйелдерге темір препараттары беріледі. «Атеросклероз» диагнозымен тіркеуде тұрған пациенттер антикоагулянттар ала алады», — дейді Гүлжанат Тілеген.
Сонымен қатар, психикалық немесе мінез-құлықтағы ауытқушылықтармен тіркеуде тұрғандар, ағза алмастырған пациенттер және т.б. азаматтар дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі.
«Дәріні алу үшін емханадағы учаскелік дәрігерге бару қажет. Дәрігер рецепт жазып береді. Содан соң дәріні арнайы дәріханадан аласыз. Ол үшін міндетті түрде жеке куәлік талап етіледі», — деді дәрігер.
Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының мәліметінше, 2023 жылы 23 млрд. теңгенің дәрі-дәрмегін сатып алу жоспарланған, дәрілік заттар жыл басынан бері бекітілген кесте бойынша жеткізіліп жатыр.
«Биылғы жылдың І тоқсанында 9,5 млрд теңгенің дәрісі мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді. Тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде – 400 мыңнан астам пациент дәрімен қамтамасыз етілді. МӘМС пакеті бойынша – 65 мыңнан астам ересек пен 6 мыңнан астам балаға дәрі берілді», — дейді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.
Жалпы, пациенттер тегін дәрі-дәрмекке қатысты мәліметті «СК-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс орталығы арқылы біле алады. Қоңырау шалу тегін.
Амбулаторлық деңгейде берілетін тегін дәрі-дәрмек тізімімен ҚР ДСМ-нің №75 бұйрығы арқылы танысуға болады

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...