Облыстың бас полицейі жеке құрам үшін ерекше форматта өте маңызды кездесу ұйымдастырды

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің бастамасымен және төрағалығымен «ҚР Президенті мен ҚР ІІМ тарапынан беріліп жатқан тапсырмалар мен орын алып жатқан оң өзгерістерді барлық жеке құрам назарына жеткізу, тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған шаралар туралы» маңызды жиын өтті. Маңызды шараға облысқа қарасты 17 ауданның жеке құрамы мен консультативтік кеңесші органның мүшелері, Аппараттың басқарма, бөлім басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Түркістан қаласындағы «Конгресс хол» залына ұйымдастырылған жиынды генерал Мұрат Талапұлы өзі жүргізді. Жиынның ерекшелігі модератор мен спикер бас полицейдің өзі болды.


Сонымен қатар Мемлекет басшысының полицияға қатысты айтқан тапсырмалары, Ішкі істер министрінің берген нұсқаулары бар және Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған полицейлердің ұсталуы бейнеленген бейнероликтер ледэкран арқылы жиналғандарға көрсетілді. — 2023 жыл менімен «Қалалық, аудандық полиция басқарма, бөлімдері» — жылы деп жарияланды. Демек қалалық және аудандық полиция құрылымдарына, ондағы қызметкерлердің қажеттілігіне басымдық берілетін болады. Қызметкерлерді материалдық жабдықтау бойынша, ғимараттарының жөндеу жұмыстары жүргізіледі! Полиция ол қоғамның айнасы, оның әрбір іс-әрекеті елдің назарында. Жүріс-тұрыс, сөйлеген сөз бен әрбір атқарған іс-әрекет заңды және дұрыс болуы керек. Осыны ұмытпаңыздар! -деп кейбір келеңсіз жайттарды сынға алып, заң аясында жұмыс жасауды ескертті департамент бастығы Мұрат Қабденов.
Сондай-ақ М. Ермеков, О. Жанқожаев, С. Таңатбаев сынды ардагер полицейлер сөз алды. Олар қызметте жүрген полицейлермен өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін жеткізді. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да ұдайы іске асып, «жұртқа жақын полиция қағидаты» жалғаса бермек.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...