12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысының жастарына жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр

Жастар – қоғамның қозғаушы күші ғана емес, мемлекеттің ең белсенді бөлігі, елдің тірегі мен болашағы. Ал жастардың болашағы бүгінгі алып жатқан біліміне, тәліміне, өмірлік бағытына тікелей байланысты. Жас буынға жол сілтейтін мектеп, қоғам, ұстаз, ата-ана екендігі сөзсіз. Яғни, жастардың мәселесі тек ұстаз бен ата-ананың ғана келісіп пішер тоны емес, ол қоғамға ортақ жайт. Осы орайда жастарға бағыт-бағдар беріп, жол сілтейтін жастар саясатының орны бөлек.

Қазақстанда жастар жалпы халықтың 30 пайызын құрайды. Жастар саясаты туралы заң бойынша жастар- 14-29 жас аралығын қамтиды.

Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі — бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі — жастар секторы. Ал сол жастардың жан-жақты дамуына үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп келе жатыр.

Алматы облысында да жастардың әрбір жарқын ісіне жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр. Мәселен, Алматы облысының аудандық және қалалық мәслихаттарында 65, облыстық мәслихатта 6 жас депутат бар. Соның нәтижесінде  жастармен тұрақты түрде байланыс жасап, түйткілді мәселе­лерінің шешімін табуға үлес қосатын «Облыстық жас депутаттар» лигасы құрылды. Облыс аумағындағы балалар үйінен үлкен өмірге жолдама алған түлектермен де тығыз байланыс орнатылып, олардың қоғамда өз орнын табуға, тұлғалық дамуына қолдау көрсету мақсатында «Алматы облысының балалар үйі түлектерінің» қауымдастығы құрылған. Қауымдас­тық мақсаты – балалар үйіндегі және одан кейінгі өмірін бақылауда ұстау, балалар үйінен шыққан түлектерді жұмыспен қамту және психологиялық қолдау көрсету.

Сондай-ақ, жастардың бос уақытын тиімді үйлестіру, маргинал және NEET санатындағылармен жұмыс жүргізу және жастарды әлеуметтендіру бағытына негізделген Namys жобасы аясында танымал спортшылармен кездесулер, шеберлік сағаттары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, Талдықорғандағы Жастарға қызмет көрсету орталығында «Мейірімді Жетісу» облыстық фронт-кеңсесі ресми түрде ашылып, азаматтарды еріктілер қатарына  тарту, көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр. Аудан-қалалардағы  фронт-кеңселердің қызметкерлері еріктілер қатарын нығайту үшін белсенді үгіт-насихат қызметін жүргізіп, облыстағы еріктілер жұдырықтай жұмылып, демеушілерді тарту арқылы 30 000-нан астам отбасына әртүрлі көмек көрсеткен.

Одан өзге облыста жыл басынан бері еріктілер ұйымының саны көбейген. Нәтижесінде Мемлекет басшысы айқын­даған еріктіліктің жеті бағыты және «Қайырымды істер марафоны» аясында облыста 1 216 акция өткен. Мұқтаж болған 75 отбасы баспаналы болып, 9 мың отбасына 170 млн теңгеге азық-түлік себет­тері таратылған. «Біргеміз: Таза әлем» жобасы аясында 50 мың адамның қатысуымен 134 экологиялық акция ұйымдастырылып, 41,8 мың түп ағаш отырғызылған. «Egov – жаршысы» жобасы аясында 100 ерікті өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыш­тарында тұрғындарға қызмет атқарған.

Одан өзге жуырда ғана Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының (ӘКДО) бастамасымен Облыс орталығында тігін ісі бойынша 25 әйел және Жамбыл ауданында кондитерлік өндіріс бойынша 26 әйел жаңа мамандық меңгеруге кірісті. Курстарда кәсіпкерлер, көп балалы аналар, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан әйелдер білім алуда. Бұл туралы:

– Облысымызда әйелдер кәсіпкерлігін белсенді дамып келеді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында сервистік және ақпараттық қызметтер қолжетімді. Өткен жылдың қараша айында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды, онда кеңестер мен жобаларды сүйемелдеу түрінде қолдау көрсетіледі. Оқыту ӘКДО-ға өтініш білдіргендердің ұсыныстары ескеріле отырып ұйымдастырылған. Тегін курсты тәмамдаған соң сіздер маман ретінде өз кәсіптеріңізді ашуға немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік аласыздар, – деді Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Сәния Наурызбаева.

Әрине, атқарылған бұл жұмыстың барлығы облыстағы жастардың әлеуетін көтеруге, бастамаларын дамытуға және жаңа бағыттарға жол сілтеуге арналған игі іс-шаралар.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...