8 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 8 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік шығыстан жел соғады, соққан желдің тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, қар ұшқындайды деп күтіледі. Солтүстік шығыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің таулы аудандардағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Тараз қаласында тұман болады.

Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Құбылмалы жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 28-30, күндіз 18-20 аяз.

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСӘЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....