8-қабаттан қызды қағып алған ер адам марапатталды

Төтенше жағдай бірінші вице-министрі генерал-лейтенант Ибрагим Күлшімбаев 8-қабаттан қызды қағып алған Сәбит Шонтақбаевты  «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 11 мамырда Ұлы Дала көшесі 27/1 мекенжайында сегізінші қабаттағы балконның ернеуіне баланың ілініп қалғаны туралы сағат 10.21-де хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеке құрамның 7 адамы мен 2 техникадан тұратын Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жөнелтілді.

«Келген сәтте сегізінші қабаттағы балконның ернеуіне ілінген баланы төменгі қабатта тұратын ер адам құтқарғаны анықталды. 2019 жылы туған қыз құлаған кезде ата-анасы үйде болған, бірақ баланың жанында ешкім болмаған. Жетінші қабатта тұратын Сәбит Шонтақбаев жылап жатқан баланы көріп, құтқару бойынша іс-қимыл жасап, санаулы секундтарда баланың өмірін сақтап қалды», — деді ТЖМ өкілдері.

«Құрметті ата-аналар, бұл бала аман-есен құтқарылды, бірақ соңы қайғымен аяқталған көптеген жағдай бар. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар! Егер үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық тастамаңыздар, өйткені баланың әрекет етуі үшін бір секунд жеткілікті», — деді құтқарушылар.

Мемлекет басшысы Мысыр халқын Революция күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

Жүргізушілерге жаңа талап: 25 тамыздан бастап не өзгереді?

Ішкі істер министрлігі биыл 25 тамыздан бастап «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілетін өзгерістер күшіне енетінін хабарлады. Осыған байланысты министрлік өкілдері өзгерістерді түсіндірді.

Цифрлық теңге қаржы жүйесін қалай өзгертеді? Сарапшы түсіндірді 

Қазақстанда цифрлық теңгені кезең-кезеңімен енгізу жалғасып жатыр.

Эболадан қайтыс болғандар саны мыңнан асты 

ДДҰ мәліметіне сәйкес, екі елде жалпы 501 адам дерттен сауығып шыққан.

Салтанат Нүкенова ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады 

Салтанат Нүкенова ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шықты. Мұндай шешімнің себебі неде?