«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесінде жазасын өтеп жүрген нәзік жандылар да мейрамнан шет қалған жоқ.
Мерекелік шараны Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Габдуллин Манарбек Серікқалиұлы өз құттықтау сөзімен ашты.
Түзеу мекемесіндегі сотталған азаматшалар аталған күнді көңілді өткізуге тырысып, бірі ән салса, екіншісі өлең оқып, жанды тебірентіп, түрлі көріністер қойды.


