7-аурухананың нейрохирургтері омыртқаның кеуде тұсындағы жарыққа микрохирургиялық ота жасады

Қалқаман ауруханасы дәрігерлері сирек кездесетін жарықты алып тастады. Ота ауруханадағы омыртқа хирургиясы бөлімшесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалды, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, пациент ұзақ уақыт бойы арқасы ауырғанын айтқан. Кейде тіпті, аяғы мен қолы ұйып, жүре алмай қалатын.
«Бұл аурудың белгілері әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, іш құрылысы, жүректің тұсы ауыруы мүмкін. Адам ентігіп, тыныс алуы қиындайды, өт пен бауыр тұсы шаншып ауырады. Уақтылы емделмесе пациент жүре алмай сал болып қалуы да ықтимал», — дейді бөлімше меңгерушісі Бақыт Ағлақов.
Айтуынша, омыртқаның кеуде тұсындағы жарық өте сирек кездеседі және өте қауіпті ауру болып есептеледі. Сондықтан мұндай белгілер байқалған жағдайды бірден нейрохирург маманға қаралған жөн.
«Көп жағдайда пациенттерге ота жасау туралы кеңес беріледі. Біз бұл пациентке де ота жасап жарықты алып тастадық. Операция сәтті өтті, науқас отадан кейін өздігімен жүріп-тұра бастады, кеуде тұсының ауырғаны басылды», — дейді дәрігер.
Мамандар омыртқа арасындағы тіндердің сыртқа шығып, жарық пайда болуына жол бермеу үшін жиі әрі ұзақ серуендеуге кеңес береді. Жүзу, йога, гимнастикамен айналысу, жұмыс орнында тік, дұрыс отыру, таңертең және күні бойы жаттығу жасау арқылы бұл дерттің алдын алуға болады. Сонымен қатар, артық салмақ та омыртқада жарық пайда болуына әкеп соқтырады. Сол себепті зиянды, ащы және майлы тағамдардан бас тартып, жеміс-көкөністермен, пайдалы тамақтану қажет, дейді мамандар.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...