12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«7-20-25» бағдарламасы бойынша қанша қаражат қалғаны айтылды

Қазақстанда «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру жалғасып жатыр. Ипотекалық бағдарлама триллион теңге шегіне жеткенше жұмыс істейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазақстанның тұрақты даму қоры» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 сәуірдегі жағдай бойынша, 1 триллион теңгенің 534 миллиард теңгесі берілген.

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша жоспарланған әлі 466 миллиард теңге резерв бар», — делінген хабарламада.

Қор бағдарлама аясында несиелер тек бастапқы нарықта жаңа, пайдалануға берілген тұрғын үйді сатып алуға берілетінін еске салды.

«Барлық ипотекалық несиенің басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында берілген — 14 232, сомасы — 212,3 миллиард теңге. Алматыда — 127,5 миллиард теңгеге 8 912 несие, Шымкентте — 33 миллиард теңгеге 2 843 несие берілді», — деді баспасөз қызметі өкілдері.

Ипотекалық бағдарлама шарттарында баға шегі белгіленген: сатып алынатын баспана Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында 25 миллион теңгеден аспауы керек. Қарағандыда жылжымайтын мүлік бағасы 20 миллион теңгеден, басқа аймақтарда 15 миллион теңгеден аспауы керек.

«7-20-25 бағдарламасы халықтың барлық санатына арналған. Жеке баспанасы жоқ, басқа ипотекалық несиелері жоқ, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен ресми түрде расталған кірісі бар кез келген ел азаматы ипотека ала алады», — деді қордағылар.

Курултай, экология и инвестиции в туризм: в Усть-Каменогорске обсудили проект Новой Конституции с представителями отрасли

В Усть-Каменогорске на площадке Восточно-Казахстанского технического университета имени Д....

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ахмет...

Земля, предсказуемые правила и умное сельское хозяйство: в ВКО обсудили, что даст бизнесу Новая Конституция

В Усть-Каменогорске, на площадке Центрального Дома культуры, состоялась встреча...

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ РУХАНИ БЕЛЕСІ

Наурыз – адамзат өркениетінің терең тамырынан нәр алған, табиғат...

Жалпыұлттық коалиция өкілдері астаналық дәрігерлерге Конституциялық реформа жобасын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық...