7 мамыр-Отан қорғаушылар күні

ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің «№13 мекеме» РММ ұжымы 7 мамыр- Отан
қорғаушылар күніне орай ерекше салтанатты кеш ұйымдастырылды. Мекеме
басшылары және мекемемізде еңбек жолдарын жалғастырып жүрген еңбек
ардагерлері құттықтау сөз сөйлеп, ән шырқалды. Қызметкерлердің еңбегі
бағаланып мекеме басшылығының атынан «Марапат қағазымен»
марапатталды.

Мекеме қызметкерлерінің еңбегін нағыз Отан
қорғаушылармен теңестіруге болады, өйткені қызмет бабында тәулігіне 24
сағат кез-келген жағдайда сақадай сақ болуы шарт, себебі мекемемізде
жазасын өтеп жатқан сотталғандарды қадағалау қажет. Сондықтан
мекемеміздің қызметкерлеріне үлкен құрметпен қарау керек.
Мекемемізде жас буынмен қатар ҚАЖ Комитетінің еңбек ардагерлері
зейнеткер азаматшалар қызмет етеді, атап айтқанда әділет подполковнигі
А.М. Даулетова, әділет майоры К.К.Абдуллаева, әділет капитаны
С.А.Жакыпова. Зейнеткер азаматшаларға ерекше көңіл бөлініп, «Марапат
қағазы» мен гүл шоқтары тапсырылды. Ұжымда жас буын мен ардагер
зейнеткерлер арасында үлкен сыйластық пен татулық бар.
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес
қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында
атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық,
дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

Г.Д. Тулбасиева, Қаржымен қамтамасыз ету қызметінің
бухгалтері

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...