«Мектепке жол»

Жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акциясы өтеді. Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Есіл аудандық пробация қызметінің қызметкерлерімен, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларына әлеуметтік көмегін көрсету бойынша жұмысы ұйымдастырылған.

Жаңа оқу жылы қарсаңында, пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандар арасынан еріктілер «өзара тең» қағидаты бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған сотталғандардың отбасалары мен балаларына мектеп формасын және кеңсе тауарларын алуға демеушілік көмегін көрсеткен. Акция аясында 10-нан астам отбасы материалдық көмек ала алды.   

В Жарминском районе проведён психологический тренинг с лицами, состоящими на пробационном учёте

Службой пробации Жарминского района совместно с представителями прокуратуры Жарминского...

«Әке жүрегіндегі сағыныш»: сотталғандар балаларына деген сезімдерімен бөлісті

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...