№64 мекемеде Республика күніне орай суреттер байқауы өткізілді

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде 2022 жылдың 23-қазанында  Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу шеңберінде мекеменің шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары үшін арнайы контингент арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімі бұрын бекітілген жоспарға сәйкес, суреттер, плакаттар, қабырға газеттері конкурсын өткізді.

Ұсынылған жұмыстардың ішінде қазылар алқасының мүшелері жүлделі орындарға ұсынылған 5 суретті бөліп көрсетті. Бірінші орын Ш. сотталған жалғыз қатысушы қызға бұйырды, ол өзінің талантын бірнеше рет көрсетіп, оны үнемі ашып, жетілдіріп отырды.

—  Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен тәрбие жұмысы -құқықтық тәртіпті қалыптастырудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қамтиды. Олардың бірі сотталғандардың шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады, оған қатысушыларға өздерін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көркем өнерпаздар байқауларын өткізу арқылы қол жеткізіледі, — деп Өткізілген іс-шараға арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің инспекторы әділет капитаны М.А. Жақсыбаева түсініктеме берді.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...