12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Шатасу

Өзен жағасындағы орманда жатқаныма бүгін үшінші күн. Күре жолдан менің жатқан жеріме дейін 8-10 шақырымдай болар шамамен, одан ұзақ емес. Автобуспен келіп үлкен қол сөмкемен жолдан түсіп қалдым. Қасымдағы адаммен көп сөйлеспей, аманына басымды изедімде, отырғаннан кейін ұйықтаған болып көзімді жұмып отырып, автобус жүргенен кейін шынымен ұйықтап кетіппін.

Бір мезетте автобус тоқтап түнде жүргендіктен Талдысу елді мекеніне жарты сағат дем алып сусын ішіп қайта жүрді.

Талдысу мен қаланың екі ортасы 250 шақырым жол, ары қарай туған жерім ой шұңқырын бәрін білемін. Талдысудан өткеннен кейін 150 шақырым кең дала, бұрынғы жол жөнекей ауылдардан ешкім қалмаған көшіп кеткен. Мөлшері 100 шақырымнан кейін жолаушылар ұйықтап отырғанда автобусты тоқтатып түсіп қалдым. Шофер жүргізуші татар жігітіне жездем апайым екеуі мал бағады, соларға келе жатырмын деп айттым.

Жол сөмкедегі үлкен қазақы ертоқым жүген ат әбзелдер мен ішінде жемі бар атдорба, 2-3 бөлке нан, су бар болатын.

Сонымен не керек бүгін үшінші күн далада жатып жайылып жүрген үйір-үйір суға келетін жылқыны андып жатырмын. Шетінен домаланған семіз «үстінде бит домалайды» деп қазақ айтпақшы небір керемет жылқы келіп су ішіп жағаға аунап дегендей кетіп жатыр. Өкінішке орай бәрінін артында бір адам жылқышысы бар.

Менің ойым белгілі, ынғайға келтіріп өзіме ұнаған семіздеу біреуіне ат дорба жақындатып, ұстап мініп кету былайша айтқанда барымта ғой сол. Бірақ біздікі 10-20 жылқы емес жақсы бір семіз соғым болса деген ой ғой.

Тосып жатқанда небір ойлар басқа келетіні белгілі ғой. Анамның айтқан бір әнгімесі ойымнан шықпай есіме түсе береді бала кездегі, қамсыз кездегі айтқан көп ертегісінің біреуі ғой.

Қалай еді әлгі: бір ұры жылқы ұрлаймын деп жүріп далада жанып жатқан отқа қарап тұрған шұбар атқа түн ішінде мініп алып, тақымын қысым екі құлағына жабысып алып, шаба жөнелген ғой. Олай бұлқынады, бұлай бұлқынады үстіне мінген пәле айырылар емес. Ауынаса да секірсе де түспей қояды, әлгі пәле таң атқанша тулайды. Үстіндегі адам ақыры таңға тақау түні бойы дінкесі құрыған астындағы атына қараса, ат емес астындағы жолбарыс болып шығады. Ол жолбарыс түні бойы үстіндегі пәледен құтыла алмай жүгіре берсе, енді керісінше үстіндегі адам зәресі ұшып астындағы ат деп мінген жолбарыстан ағаштың астынан өткенде бұтағынан ұстап әрез дегенде құтылады. Осының бәрін өлеңмен айтушы еді анамыз марқұм.

Осы айтқаны есіме түссе, түбі қалай болады екен деген қорқынышта бойды билеп ала жөнеледі. Бірақ бәрі сәтті болса тамақта керек, бала – шаға дегендей. «Ұрлықтын түбі қорлық» деген дана мақал тағы бар.

Нартәуекел, басқа амал жоқ ақыры келгем екен осы араға, құр қол қайтпаймын, нартәуекел.

Осы оймен екінші үйір суатқа келгенде бөтен үйірді қуалайтын әдеті бар емес пе.

Қасқа айғыр олай-бұлай тырқыратып қуып жүргенде, мен де жуастау біреуін қамап ұстап мойнына қыл шылбыр тастап, ат дорба іле қойдым. Құдай оңдағанда жолым болып жем жейтін мал болып шықты. Орманнын қалың жеріне қарай алдын ала дайындалған жерге жетелей жөнелдім. Кісінемес үшін арнайы дайындаған езу кергішті жүгенмен бірге кигізіп кісіней алмайтындай жасадым. Ертоқым салған мал белгілі ғой. Тар жерде ертоқым да оңай тағыла кетті, бөтенсініп бір екі ырғып ойқастады, бой бермедім. Бірер сәттен кейін мініп алдым. Алдын ала дайындап қойған жүк дорбамды іліп алып, жағаға шықпай 10 шақырым жер өзеннің ішімен жүріп, жатқан жерімнен алыстай бердім.

Енді сақтық керек барынша ұзай беру керек. Малшылар, жылқышылар жылқыны кешке қамағанда бірақ санайды, бүгін іздей қоюыда екі талай. Біраз дем алып, жем беріп қас қарайғанда күре жолдан кесіп өтіп, өзіме жақсы таныс биік елсіз жота тауларды бетке алып жүріп кеттім. Ендігі тоқтайтын жер елсіз тау іші күндіз жүріп отыру керек. Түн ауа от жағу керек, қалқаға көрінбейтін етіп жағып отырам ғой. Күндіз де мал іздеген адам кейпінде жүре беруге болады. Бірақ, мінген атым қасқа қоңырым қасқасын, алып шыққан түрлі түсті бояуымнан қоңырмен боясамда, қасыма келетін жөн сұрасатын қазақ, бірден біліп қояр еді.

Сондықтан, аш бәледен қаш бәле түнделетіп жүріп келем.

Обалды да ойлап қоямын, кімнің малы екен, кедейдің қосқан малы ма, әлде байдыкі ме?

Жан жақтың бәрі егін, әлде жалдамалы жылқышы ұстап баққызып отырған әй дәуде болса байдікі болар, бағана өзен басында көбінде бір таңба сияқты болып көрінген болатын. Менің астымдағы жылқының таңбасының үстіне түсініксіздеу таңба басылған.

Байдыкі болса екен бір жылқыға несі кетеді қатты іздемеуіде мүмкін, қайыршыдан жоғарылаған байлар көп қой қазір, бір теңге үшін өлетін, өзін ойлайтын соныкі болса онда іздейді, әй бірақ қандай бай болса да бір малды жібере ме?

Бағушының еңбегінен болса да шырылдатып құнын ұстау мүмкін ғой. Қалай болар екен не де болса да болары болды енді. Шешінген судан тайынбайды емеспе бұйырғанын көрем. Оны аясам мені кім аяйды сонда, деген ойлар басыма келді. Біреудін адал малын ұрладым деген оймен тау ішінде жан жағыма қарап елендеп құдды жын ұрғандай алақ жұлақ етіп келемін. Кенеттен қарсы беттен көлденен атты біреу шыға келді, қатты қорыққаным соншалық қасыма тақап келгенде бетімді таңып алған орамалмен көлегейлеп әрез үлгердім.

«Ассаламағалейкум» дегенше, итқұс жолыға ма деп қолымдағы көлденен ұстап келе жатқан таяғыммен бас тұсынан салып өттім.

Қолын созған, қалпы түсі бұзылып төмен қарай ертоқымнан сырғи жөнелді. Ұстай алдым, бетімді көрген жоқ әйтеуір, тамырын ұстасам тірі екен. Атқа қайта міне салып есін жимай тұрғанда оның атын жетекке алып желе

жортып кете бардым. Келе жатқан жер мөлшерін Жалағаш деген ауыл бар 20 шақырымдай жерде дәуде болса содан мал іздеген біреу болды ғой деп топшылап келемін. Біраз жүргеннен кейін атын қоя берем деп келе жатырмын.

Артыма қарадым әлгі адам әлі орнынан қозғалмай жатыр, өліп кетті ме екен кісі қанын мойныма жүктедім ау деген сұмдық ой миымнан зу ете қалды. Бір шақырымдай дөңес жерде жатқан әлгі бейтаныс адам әлі жатыр зәрем ұшып кетті.

Не де болса қасына барамын бұлай тастаған жарамас жеткен жерім осы болды «Ұрлық түбі қорлық» деген осы ғой біреудің қанын мойыныма жүктедім ау, өзіме де обал жоқ үйткенше аштан өлген жақсы еді ау.

Атын жетектеп ақырын қасына келіп аттарды шылбырға тұсап жатқан адамның жанына келе бергенім сол еді, көзімнің оты жарқ ете түсті одан кейін түк есімде жоқ есімнен танып кетіппін. Есімді жисам бас жағымда қолында бір бөтелкесі сүт пе айран ба бірдемесі бар, бір қолында бір жапырақ наны бар бұжыр бет қара біреу ауқаттанып отыр. Менің есімді жиғанымды біле қойды, қозғалақтап едім қолым байлаулы екен.

Тас пен ұрған сияқты бір жақ бетім қан сияқты бір көзім ісіп кеткен бе?, қалай қабағым салбырап тұр?

Өкініштен күйіп кете жаздадым үндемедім ол да үнсіз шайнандап отыр .

Не заманда «Уа кімсің? Не қылған адамсың? Қайдан келесің?» деп сұрақты жаудыра бастады. Үндемедім. «Олай болса жолаушым, аманыма неге таяқ жұмсадың, сен мені үн-түнсіз сұлатып салдың, мен сені неге аяуым керек қазір басыңнан тағы бір ұрып ана сайдың ішіне тастап кетсем, жамандыққа жамандық тапқан адам аттан құлады деп айтады, тапса егерде мына жерге қуаламасан шошқа келмейтін шығар тегі. Сүйегін көмусіз ит пен құсқа жем болып ақсөңке болып көмусіз қаласың» деді.

Жан дауысым шығып жылап жібердім, көзімнен жас сорғалап бар шындығымды айттым. 5 балам бар еді деп балалар туралы айта бастап едім ауызымды жауып тастады.

— Маған неге тап бердің,- деді. Алғашқы сұрақпен тығырыққа тіреді. Аллам өзі кешірсін аузыма келгені мал іздеп жүр едім.

— Қазір адамдар өзгерген бәрін күтуге болады оның үстіне тұр сипатыңызда адам қорқытады екен» дедім.

Қай ауылдансың Сарбұлақ деген жауабымды естіп «Сарбұлақта кімнің баласысың? Әкеңнің аты кім» деп тықсырын сұрақты жаудыра бастады. «Әкем Әбіш» дедім. Атын ести сала «Сен соның жалғыз ұлы едің ғой шешелерін қайтыс болғаннан кейін балалар үйіне өткізген еді. Содан бері аттай жиырма жылдай асты. Уақыт-ай!!!» деп басын шайқады.

Өзі іргелес ауылдан болып шықты. Іргелес отырғандықтан елдің бәрін білетін болып отыр ананы мынаны сұрады, менен жарытып жауап жоқ. Бет аузымды ауырсынған болып отырдым.

Сәлден кейін «бір үйір жылқы көрмедің бе? Қай жерден жүрдің» деп сұрады. Қолындағы бөтелке түбіндегі айранмен бір жапырақ дәм ауыз ти деп қолыма ұстатты да — «атты неге жетектеп әкеттің мен өлсем не істер едің» деді.

«Мен одан қорыққанымнан бірінші қол жұмсадым атты сіз орныныздан тұрғаныңызды көргеннен кейін қоя берем болмаса қуып ұстап ала ма деп ойладым» деп шынымды айттым. Сенгендей болды.

— Әй заманай біреу біреуді аямай өлтіретіндей не болды» — деп басын шайқап, «Не іздеп жүргеніңді білмеймін бірақ жас екенсің абайла, мен сені кешірдім» деп атына отырып аттанып кетті.

«Әкең момын шаруа болатын» деді. Осы сөз жүрегімде қалып қойды. Айтып айтпай не керек 4 күн жүріп түнделетіп үйге келіп есікті жайлап қағып едім келіншегім есіктің шотын ашып бас салып құшақтап жылай жөнелді.

Ештеме айтпай кеткен адамды келмеген сон, заң орнына үш күннен кейін арыз жазып іздеу салғызыпты. Бүкіл ауыл-ауыл болып өзенді қарап екі күн азаматттар тентіреп іздепті. Ең сорақысы әйелімнің балалар айқайына көршілер жүгіріп келді. Не болсаң о бол есіктің алдында үстінде менің ертоқымым бар ат байлаулы тұр.

Арып азған түрім мынау таңертең ішкі істер органынан адамдар келіп әйеліме арыз жазғызды. Қарсы арыз менің табылуыма орай.

Одан кейін бәрі көрсен түстей болды. Қысқасы екі күннен кейін қамауға алындым. Атты елдің бәрі көрді көзін құрта алмадым. Иелері іздеу салып, ішкі істер бөлімі де дереу шара қолданды.

Құрысын қанша жылға соттаса да ер мойынында қыл арқан шірімейді деп ойладым да қалай барғанымды қайда жатқанымды бәрін түсіндіріп көрсетіп бердім. Суретке түсірді, тергеу басталды.

Сот басталды одан бұрын жан жақтан бірлі жарым жоғалған малдарын іздегендер арыз берген екен тәуір тексерді.

Тығырыққа қатты тірелдім. Ең аяғында әлгі далада өзім ұрып жыққан адамды бет әлпеті емес, астындағы атын түрі түсін айтты таңбасын айтып мен жалғыз ат мініп қайтқанымды көрген адам ретінде куәге тартқандықтан сот кейінге қалтырылды.

Арада он бес күннен кейін бөтен бір тергеуші тергеуді қайта бастады шындықты жасырмай айттым ондағы ойым жазам жеңілдейме деп ойладым.

Ең сұмдығы әлгі мен басынан ұрған адам шынында соққыдан кетіп бара жатқанда қан қысымы көтеріліп аттан құлап мерт болыпты.

Сонымен не керек не болсаң ол болсын ұрдығы бар, аяғында кісі өлімімен аяқталған болып шықты. Аяғында сот болды, мойындағаным бар, бес баланы ескеріп 12 жыл бас бостандығымнан қатаң тәртіпте өткізуге үкім шығарды.

Босқа айтатын сөзім жоқ мен қазір 40-тан асқанмын, дәлірек айтқанда 45 жаста, мен шыққанда 60-қа тақайды екенмін тірі шықсам болды.

Түрмедегі алғашқы күн өткізген ол басқа әнгіме. Ұрлық түбі қорлық. Ойнап жүріп от басып, өмірімнің зая кеткені ма…

Боранбай Калибекович Оразгалиев

[ratings]

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...

Үкілі кер

Үш күн өтсе де, Нұржан үйіне оралмады. Ат та...

СОВЕСТЬ

Начинался новый ХХІ век. Стояла морозная снежная зима, последние...

Екі әріптің әлегі немесе опердың опасыз операциясы

Жұман бүгін ұйқысынан көңілсіз оянды. О бастан далада туып,...