«440 мәйіт»: Украина қаласында Ресей әскері кері шегінген соң үлкен зират табылды

Харьков облысындағы Изюм қаласында ресейлік әскерилер кері шегінген соң 440 қорымнан тұратын зират табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Харьков облыстық полициясы тергеу басқармасының басшысы Сергей Болвинов пен із-түссіз жоғалғандар азаматтар жөніндегі өкіл Олег Котенко мәлімдеді. 

Кей зираттарда крест қойылып, жазу жазылған. Кейбірінде гүлден өрілген гүлдестелер болса, кейбірінде мүлде жазу жоқ.Тақтайшаларда «Украина қарулы күштері, 17 адам, моргтен», «345», «412» деп жазылған. 

Болвиновтің сөзінше, көз жұмғандар арасында әскерилермен бірге бейбіт тұрғындар да бар. Олар түрлі себептен ажал құшқан: жарылыс және атыс салдарынан, кейбірін атып тастаған. 

Мәйіттерді эксгумациялау жұмыстары енді басталған, сондықтан мерт болғандардың жеке тұлғалары әлі анықталмады. 

Олег Котенко зиратты бұған дейін ресейлік әскерилердің суретке түсіргенін айтады. Сондықтан олар Изюм қаласынан кеткен соң, тұрғындар зиратты қай жерден іздеу керегін білген. 

«Мәйіттерді жерлеу үшін қай жерден алғанын көрсететін бірыңғай тізім бар деп ойлаймын. Қазір осы мәселемен айналысып жатырмыз және тізімді табамыз. Сол кезде бұл адамдардың кім екенін, неліктен аты-жөні емес, тек нөмір белгіленгенін түсінеміз», – деді Олег Котенко. 

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...