43 градусқа дейін аяз. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 29, 30 қараша мен 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 29-30 қарашада еліміздің шығыс аймақтары солтүстік антициклонның салқын сілкінісінің ықпалында болғандықтан қатты аяз болады. Қазақстанның қалған аумағында үсік түседі деп күтіледі.

30 қараша мен 1 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклонның түсуінен жауын-шашын болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында — жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауып, қатты аяз күтіледі. Республика бойынша оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейіп, тұман, көктайғақ болса, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын болады.

«Ауа температурасы түнде республиканың батысында 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста 10-28 градус аяз, солтүстік облыстарда 15-25 градус аяз, орталықта 15-25 градус жылы. Республиканың шығысында 33-43 градус аяз, кезеңнің соңында 20-30 аязға дейін көтеріледі, оңтүстігінде -7 градус аяз, оңтүстік-шығыста -5-15 аяздан -0-8 аязға дейін күшейеді», — делінген хабарламада.

Үздік университеттер қатарындамыз

QS Asia University Rankings – бұл жыл сайын британдық...

Білімді маманға сұраныс жоғары

Жыл сайын жоғары оқу орындарын бітіріп, еңбек нарығына араласатын...

АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҢ ӨЗЕГІ: СОТТАҒЫ АНА ТІЛІМІЗДІҢ ТАҒДЫРЫ

Егеменді еліміздің басты құжаты Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабы 1-тармағында...

Инициативы Съезда лидеров мировых и традиционных религий в центре международного круглого стола с участием ЮНЕСКО

От этики искусственного интеллекта до сохранения сакрального наследия: участники...