40 сағат қоғамдық жұмысты орындамаған пробация есесбіндегі азамат 10 күн қамаққа алынды

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 600-ден астам сотталған азамат есепте тұрады. Олардың арасында сот үкімімен қоғамдық жұмысты орындау міндеттелген азаматтар да бар. Қазіргі таңда 4 азамат қоғамдық жұмыстарын орындап жүр. Жуырда  бір азамат 10 күн қамаққа алынды. Ол азаматқа сот үкімімен  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  296 бабының 2- бөлігімен  кінәлі деп танылып, 40 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.  

Алайда, ол азамат пробация қызметіне тіркеуге келмей, тұрғылықты мекенжайы анықталмай, қоғамдық жұмысты орындамаған. Оғана сот қаулысымен іздеу жарияланып, күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған. ҚР ҚК-нің 43 бабының 2-1 бөлігі 1 тармағына сәйкес, қоғамдық жұмысының 4 сағаты 1  күнге есептеліп,  10 күн қамаққа ауыстырылған. Қаулы заңды күшіне енбеген.
 

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....