12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ!

Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер суициді – жеке отбасының ғана қайғысы емес, тұтас ұлттың рухани дағдарысын көрсететін дабыл белгісі. Бұл мемлекеттік жүйеге терең ойлануды қажет етеді.

САНДАР СӨЙЛЕЙДІ

Ресми деректерге сəйкес, 2023 жылдың алғашқы 10 айында Қазақстанда 169 жасөспірім суицид жасап, 298-і өзін өлтіруге əрекеттенген. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда тиісінше 17,8%-ға артып отыр. Ең алаңдатарлығы – өз-өзіне қол жұмсағандардың ішінде 5–14 жас аралығындағы балалардың үлесі 27,8%, ал 15–17 жастағы жасөспірімдер үлесі 72,2%-ды құрайды. 2022 жылы Түркістан облысында – 19, Жамбылда – 11, Алматыда – 9 бала суицид жасап қайтыс болған. Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар жəне Батыс Қазақстан облыстарында да жағдай күрделі. Ер балалар арасында суицидке бару көрсеткіші 68% болса, қыз балаларда – 32%. Бұл да жасөспірімдердің психологиялық күйін жынысына байланысты əртүрлі бағалауды қажет ететінін көрсетеді.

НАҚТЫ ОҚИҒАЛАР – ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛҒАН ЖАНАЙҚАЙ

• Талдықорған қаласында биыл мамыр айында 11-сынып оқушысы ҰБТ-ға дайындық кезінде күйзеліске түсіп, көпқабатты үйден секіріп қайтыс болды. Ата-анасы мен мұғалімдері баланың мінезіндегі өзгерістерді байқамаған. • Шымкентте егіз қызды мектептегі танысы интимдік фотоны жариялаймын деп қорқытып, олардың бірі өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан. Дəрігерлер өмірін сақтап қалды. • Алматыда карантин кезіндегі күйзеліс салдарынан 14 жастағы жасөспірім психологиялық дағдарысқа ұшырап, қолын кескен. Ата-анасы баланың əлсіз күйін байқамаған. Мұндай оқиғалар əр өңірде кездесіп жатыр. Балалар ашық көмек сұрамайды – олар үндемей, ыммен, кейде тіпті күтпеген əрекеттермен жанайқайын білдіреді.

НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕР: БАЛА НЕГЕ ӨМІРДЕН ТҮҢІЛЕДІ?

Сарапшылардың пікірінше, балалар арасындағы суицидтің себептері көп, бірақ ең негізгілері: • Отбасындағы эмоционалды суықтық, зорлық-зомбылық немесе ажырасу • Мектептегі буллинг (қорлау, мазақ ету) • Үлкендердің шектен тыс үміті мен қысымы • Əлеуметтік желідегі «өлім ойындары», виртуалды агрессия • Достарымен жанжалдасу немесе жалғыздық • Психикалық денсаулықтың нашарлауы, депрессия Ең қорқыныштысы – балалар көп жағдайда бұл қиындықтарымен жалғыз қалады. Ересектер оларды тыңдауға емес, тек баға сұрауға немесе тəртіпке шақыруға бейім. Мұндай жағдайда бала ішкі күйзелісін сыртқа шығара алмай, өз жанын ғана жауапты көреді.

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Суицид – алдын алуға болатын трагедия. Ол үшін келесі бағыттар бойынша жүйелі жұмыс қажет: Мектеп психологтарының жұмысын күшейту. Бүгінде көптеген мектепте психолог мамандар жетіспейді, барлары көбіне қағазбастылықпен айналысады. Əр оқу орнында білікті, жасөспірімдермен тіл табыса алатын, сенім тудыратын маман болуы қажет. Ата-аналарға арналған арнайы бағдарламалар: баламен сөйлесу, оның психологиялық күйін бақылау, күйзелістің алғашқы белгілерін тану – мұның бəрі үйде басталуы тиіс. Атааналарға психологиялық ағарту жұмыстары жүргізілуі қажет. Буллингпен жүйелі күрес: мектеп ішінде қорқыту, мазақ ету, əлеуметтік шеттету жағдайлары дер кезінде анықталып, нақты шара қолданылуы тиіс. Бұл – əкімшілік пен ұстаздардың ортақ жауапкершілігі. Сенім телефондары мен онлайн-платформалар: Қазақстанда 150 телефон сенім желісі жұмыс істейді. Бірақ олар туралы барлық бала біле бермейді. Əр мектепте бұл ақпарат көрнекі жерге ілініп, оқушыларға түсіндірілуі тиіс. Бала – қоғамның айнасы. Егер балалар өз өмірінен бас тартқысы келсе, бұл – біздің оларды тыңдай алмағанымыздың дəлелі. Статистика – тек сан емес. Ол – шынайы тағдыр. Əрбір бала – бізден көмек күтеді. Оның үнін ести алу – баршамыздың адами парызымыз.

Самал АСҚАР, «Заң газеті»

Защита прав государственных служащих – одно из приоритетных направлений

На Департамент Агентства РК по делам государственной службы по...

Проведено очередное заседание Совета по этике города Алматы

11 августа 2025 года состоялось очередное заседание Совета по...

Защита и восстановление нарушенных прав

Восстановление прав услугополучателей является одним их приоритетных направлений Департамента...

Сандық персоналды басқару – жұмысқа қабылдау кезіндегі ашықтық

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру шеңберінде енгізілетін Қазақстандағымемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың бірыңғай кадр жүйесі кадрпроцестерін автоматтандыруға және стандарттауға, персоналды басқарудыңашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол қызметкерлердің міндеттердіорындауын, тәртіпті сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді. Жүйе персоналға қажеттілікті жоспарлау, қызметкерлердің құзыреттілігінбасқару және аттестаттау, кадрларды есепке алу және кадрлар құрамын талдау,еңбек қатынастары және кадрлық іс жүргізу сияқты процестерді автоматтандыруғамүмкіндік береді. Сондай-ақ, бірыңғай жүйе еңбек шарттары, біліктілік, еңбек өтілі және басқада кадрлық ақпаратты қоса алғанда, қызметкерлер туралы деректердіорталықтандырылған сақтауды және өңдеуді қамтамасыз етеді. Жүйеде білім беру, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлігінде басқа да мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция көзделген. Жүйенің тағы да тиімді жағы - бұл жүйе персоналды басқарудың тиімділігінарттыруға, кадрлық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді, ең бастысы -кадрларды басқару шығындарын азайту. Қазіргі уақытта оны барлық ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік органдардың ұйымдарында енгізу жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңдаАлматыда жүйеге 82 ведомстволық бағынысты ұйымы қосылған. Кадр қызметінің мамандары үшін жаңа жүйеде жұмыс істеу бойынша қажеттіоқыту іс-шаралары өткізіледі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментібасшысының м.а. Н....

Жамбыл облысында 120 орындық студенттік жатақхана ашылды

Жамбыл облысында Жұмысшы мамандықтар жылы және Жастар күніне орай...