12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

КАРАНТИНДЕГІ КОЛОНИЯЛАР

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ COVID-19 КОРОНАВИРУСЫН ПАНДЕМИЯ ДЕП ЖАРИЯЛАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА, 2020 ЖЫЛДЫҢ 16 НАУРЫЗЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ АУМАҒЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНҒАННАН БЕРІ ДЕ БІРТАЛАЙ УАҚЫТ ӨТТІ. ДҮНИЕЖҮЗІН ҮРЕЙГЕ БӨЛЕП, МЫҢДАҒАН АДАМДАРДЫҢ АЖАЛЫНА АЙНАЛҒАН ВИРУСТЫҢ БЕТІ АҚЫРЫНДАП ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН СИЯҚТЫ. АЛЫП МҰХИТТЫҢ АРҒЫ ЖАҒЫ МЕН БЕРГІ ЖАҒЫН ЖАЙЛАҒАН БҰЛ ІНДЕТ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДА АЙНАЛЫП ӨТКЕН ЖОҚ. ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫНЫҢ КҮН САЙЫН АРТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫМЕН ДЕ, ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮННЕН КҮНГЕ КҮШЕЙДІ. ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР СЕКІЛДІ COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ТАРАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ МАҚСАТЫНДА 2020 ЖЫЛДЫҢ 17 НАУРЫЗЫНАН БАСТАП АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНА КАРАНТИН ЕНГІЗІЛІП, ҚАЛА АУМАҒЫНА КІРУ ЖӘНЕ ШЫҒУ ШЕКТЕЛГЕН БОЛАТЫН.

Короновирустан сақтану шаралары еліміздегі түзеу колонияларында бірінші күннен-ақ қарқынды қолға алынды. Солардың ішінде Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменттерінің қызметкерлері де жұқпалы аурудың алдын алу мақсатында ерекше жағдайдағы режиммен жұмыс істеуге көшті. Ең бірінші кезекте түзеу мекемелеріне келетіндерге тоқтау салынып, соттар қылмыстық істерді бейнеконференц байланыс арқылы қарауға ауысты.
Тергеушілер мен қорғаушылар қамаудағылардан қауіпсіздік шараларына арналған арнайы киіммен келіп, әйнек арқылы ғана сұрақ-жауап алатын болды. Сот отырысы аумақтардағы сот және сотқа дейінгі тергеу органдарынан талаптар түскен кезде бейнеконференц байланыс бойынша өткізіледі. Кейбір мекемелерде сотталғандар туыстарымен скайп байланысы арқылы жүздессе, бірқатар мекемелерде таксафон арқылы сөйлеседі. Барлық ғимараттарда кварцтау, дезинфекциялау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Сотталғандардың
жатын бөлмелеріне қолға арналған залалсыздандыру сұйықтықтары қойылған. Карантин кезінде сотталғандарды ұстау тәртібін қадағалау мақсатында Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері Алматы
облысындағы және Алматы қаласындағы түзеу мекемелерін аралап, сотталғандардың сұрақтарына жауап беруде.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША
ЛА-155/18 түзеу мекемесі (тергеу изоляторы)
Алматы қаласындағы ЛА-155/18 тергеу изоляторы 1800 адамға арналған. Бүгінде мұнда 1300 шамасында күдікті ұсталуда. Сонымен қатар 60-қа жуық шаруашылық қызметіндегі сотталғандар жазаларын өтейді. Карантин басталған күннен бастап тергеу изоляторында сот отырыстарын бейнебайланыс арқылы өткізу қолға алынды. «Бұл мақсатта ЛА-55/18 мекемесіндегі екі компьютерге қосымша үнемделген қаражат есебінен 10 планшет сатып алынды. Мекемедегі шаруашылық қызметіндегі сотталғандар енді жақындарымен байланысты планшет арқылы жүзеге асыратын болады. Бейнеконференц байланыс бойынша сот отырысы аумақтардағы сот және сотқа дейінгі тергеу органдарынан талаптар түскен кезде кесте бойынша өткізіледі», – дейді ЛА-155/18 мекемесінің бастығы Ә.Жұмадиев. Тергеу изоляторына жеткізілген тұтқындарды COVID-19 вирусын анықтауға арналған міндетті тестілеуден өткізу үшін тергеу изоляторына Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығы COVID-19 коронавирусын анықтауға арналған экспресс-тест берді. Мекемедегі тағы бір жақсы бастама – шаруашылық қызметіндегі сотталғандар COVID-19 коронавирусының алдын алу мақсатында күніне 200-ге жуық бетперде тігіп, тергеу қамауындағылар мен сотталғандарға, мекеме қызметкерлеріне таратты.

ЛА-155/6 түзеу мекемесі (балалар колониясы)
Республикадағы жалғыз балалар колониясында қазір 44 жасөспірім жазасын өтеуде. Жазалы балалар колонияда орта білім және бірнеше кәсіби білім алып шығады. Бүгінде мұнда 3 орыс сыныбы, 3 қазақ сыныбы бар. Жұқпалы аурудың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған ЛА-155/6 мекемесіндегі жалпы білім беру мектебі қашықтықтан оқыту жүйесіне ауыстырылды. Оқушылар бір-бірінен 1,5 метр қашықтықта отыру үшін аумағы кең екі сынып жабдықталды. Сабақ қазақ сыныбында оқитын балалар үшін «Балапан», орыс сыныбында оқитын балалар үшін «Ел арна» телеарналарынан алдын ала бекітілген бағдарламалық сабақ кестелеріне сәйкес өтуде. Карантин талаптарын сақтай отырып, жазаларын өтеп жатқан жасөспірімдер түрлі танымдық шаралар өткізуден сырт қалған жоқ. Мысалы жуырда Қазақстан халықтарының бірлігі күні әр халықтың тілінде сәлемдесу мерекесін ұйымдастырды. «Карантин кезінде балалар колониясынан 10 жасөспірім босап шықты. Оларды ата-аналарының немесе туыстарының қолына табыстау үшін біз пробация бақылауы қызметіне жүгінеміз. Пробация қызметкерлерінің көмегімен жазасын өтеп шыққан жасөспірімдер Ақтөбе облысына, Алматы қаласына және Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына жеткізіліп, ата-аналарымен табысты. Бостандыққа шыққан балалардың жолына азық-түлік пен сусын дайындауда Атааналар комитеті көп көмек көрсетті» – дейді жасақ бастығы А. Мустафаев.

ЛА-155/13 түзеу мекемесі (қоныс колониясы)
Қауіпсіздігі барынша төмен ЛА155/13 мекемесінде қазір 100-ге жуық сотталғандар жазаларын өтеуде. Аталған түзеу мекемесі Алматы қаласында орналасқандықтан сотталғандардың басым бөлігі қала ішінде жұмыс істейтін. Карантинге байланысты олар жұмыс істейтін ұйымдарынан кері шақыртылып алынды. «Карантин кезінде коронавирустың алдын алумен байланысты сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, біз колонияішілік ұйымдастыру жұмыстарын тоқтатқан жоқпыз. Мысалы, тәрбиелік мәні бар түрлі спорттық-мәдени шаралар өткіземіз. Теннистен, шахматтан жасақаралық жарыстар ұйымдастырып, сотталғандардың
танымдық өресін арттыру үшін викторина ойындарын да жүргізіп тұрамыз. Бір сөзбен айтқанда оқшаулану
кезеңін неғұрлым пайдалы өткізуге күш салудамыз», – дейді ЛА-155/13 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы
әділет капитаны Әмір Раисов.

Алматы қаласы бойынша Пробация қызметі
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Пробация қызметі Нұр Отан партиясы жариялаған «Біз біргеміз!» республикалық акциясына қызу үн қосты. Дүниежүзін жайлаған коронавируске
қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында жарияланған акция кезінде Алматы қаласындағы
пробация қызметі қала бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған мұқтаж адамдарға азық-түлік жағынан
көмек көрсетті. Олар – пробация есебінде тұрған көп балалы аналар мен қарт кісілер, мүгедектер және коронавирус пандемиясына қарсы жарияланған карантинге байланысты жұмыстан шығып қалған сотталғандар. Сәуір айында қала бойынша пробация бақылауындағы 303 сотталған Үкімет тарапынан берілген 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақыға ие болды. Бұл орайда пробация қызметкерлері сотталғандарға әлеуметтік көмек алу үшін «Egov және Messenger TEIEGRAMM Bot» электрондық Үкімет порталдарымен қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндіріп отырды.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ МЕКЕМЕЛЕР
ЛА-155/8 түзеу мекемесі (қатаң режим)
Аты жаман індетпен бірлесіп күресуге аталған түзеу мекемесіндегілер де өз үлестерін қосып жатыр. Заречный ауылына орналасқан ЛА–155/8 қатаң режимдегі түзеу мекемесінде 800-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Індеттен қорғану құралдарына деген сұраныс артқан алғашқы күннен бастап мұндағы тігін цехында күніне
3500-ге дейін бетперде тігілуде. Бұл игілікті жұмысқа 70-ке жуық сотталған тартылды. Тігілген бетперделер ең
бірінші кезекте сотталғандарға таратылса, мүмкіндігінше Алматы қалалық және Алматы облыстық ішкі істер
органдарының қызметкерлеріне де жөнелтілуде.
«Біз сотталғандармен қатар өз қызметкерлеріміздің де денсаулығына қатаң көңіл бөлеміз. Аталған колония үлкен мегаполис Алматы қаласына жақын болғандықтан қаладан қатынап істейтін 15 қызметкерді жатақханаға орналастырдық. Олар қазір колония аумағынан шықпай жұмыс істеуде. Сонымен қатар оқыс жағдай туындай қалса деген сақтықпен, Қапшағай қалалық ауруханасымен келісімшарт жасастық. Қалыптасқан тәртіпке сай түзеу мекемесіне кіріп-шығатын көлік пен қызметкерлер тегіс дезинфекциядан өтеді», – дейді ЛА-155/8 түзеу мекемесінің бастығы М. Кәкімжанов.

ЛА-155/4 түзеу мекемесі (әйелдер колониясы)
Жауғаштыдағы ЛА-155/4 түзеу мекемесі Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағындағы жалғыз әйелдер колониясы. Аталған мекемедегі аумағы 2065 шаршы метрді алып жатқан тігін цехы ішкі істер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне арналған нысанды киім тігумен айналысады. «Түрме тігіншілері бетперде тігумен қата блок бекеттеріндегі тәртіп сақшыларына арнап қорғаныс киімдерін де тігуде. Төтенше жағдай кезінде қауіпті індеттің алдын алу жұмысының алдыңғы шебінде жүргендердің
бірі – полиция қызметкерлері. Олар блок-бекеттерде тұрып, санитарлық ережелерді бұзу әрекеттеріне тойтарыс береді, ауруды жұқтырушылар мен олармен байланыста болғандарды іздейді. Яғни, «қауіпті топтармен» жұмыс істей жүріп, медицина қызметкерлері сияқты ауру жұқтыру қаупімен бетпе-бет келетіні сөзсіз. Осыған орай Ішкі істер министрлігі басшысының тапсырмасымен қылмыстық-атқару мекемелерінің барлық тігін цехтарында қорғаныс костюмдерін тігу қолға алынған болатын. Осы жұмысты ең алғашқылардың бірі болып ЛА-155/4 түзеу мекемесінің сотталған қыз-келіншектері бастады», – дейді «ЕңбекЖауғашты» филиалының директоры Ә. Баймәдиев.
Жалпы Алматы облысына қарасты түзеу колонияларында күніне 50 қорғаныс костюмдері тігіледі екен. Тігілген киімдер сапасы жағынан мемлекеттік стандартқа сай. Бұл жұмысқа барлығы 200 тігінші жұмылдырылған.

ЛА-155/14 мекемесі (қауіптілігі орташа)
Алматы облысының Заречный кентіне орналасқан ЛА-155/14 мекемесі жалпы 1000 адамға арналған, қазір 905 сотталған ұсталуда. Биыл аталған мекемеде 149 адам бостандыққа шықса, соның ішінде төтенше
жағдай кезінде 30 сотталған босатылды. Жазасын өтеп шыққан сотталғандардың отбасына аман-есен жетулері үшін де барлық жағдай қарастырылған. Оларды мекеме қызметкерлері колония аумағындағы пробация қызметіне дейін жеткізіп салады, одан ары пробация бақылауы қызметінің қызметкерлері шекаралық блок-бекеттерге дейін жеткізсе, ар жағынан сол аумақтың пробация қызметкерлері күтіп алады.
Аумағы 1136 шаршы метрді алатын тігін цехында сотталғандар бетперде мен қорғаныш киімдерін тігіп, коронавирустың алдын алуға өзіндік үлес қосты.
Гүлнәр МАҒЗҰМОВА
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайды айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді.

Шоқан ОРАЗАЛИН, Ақмола облысы Білім басқармасының басшысы: «ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚША ҮЙРЕНУГЕ ЫНТАСЫ ЖОҒАРЫ»

Мемлекеттік тілді дамыту, тіл саясаты саласындағы көңілге кірбің шалдыратын түйткілдерді шешу бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі. Әсіресе, елдің ертеңі болып табылатын балалардың бойына ана тілінің қадір-қасиетін сіңіру – ұрпақтар сабақтастығының аса өзекті тұсы. «Тәрбие – тал бесіктен» десек те, қазіргі таңда балабақшадан бастап, жалпы орта білім беретін мектептерде мемлекеттік тілдің деңгейін көтерудің аса маңызды екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Қоғамда «теріскей облыстар орыстанып кеткен» деген қасаң көзқарас қалыптасып қалғаны рас.

ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жолындағысын жайпап өткен ағын су Ақмола облысының да ондаған елді мекенін басып, кейбірін күні бүгінге дейін сыртқы әлеммен қатынассыз, жарықсыз әрі сусыз қалдырған. Өңірде осыған дейін Атбасар, Астрахан, Бұланды, Есіл және Жарқайың аудандары мен Көкшетау қаласында жергілікті масштабта төтенше жағдай жарияланған еді.