34 сотталғанға қатысты іс қозғалды

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің № 53 мекемесінде (қауіпсіздігі барынша жоғары) қылмыстық жазасын өтеп жатқан сотталғандар беттерін бас киімдері мен матаның астына жасырып, қолдан жасалған заттарды қолдана отырып, мекемедегі 135 жаппай бейнебақылау камераларын істен шығарған. Бүгінгі таңда аталған дерекке қатысы бар деген күдікпен 34 сотталғанға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 428-бабы, 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...