300 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Жүніс Әбдіқайыров пен №60 мекеме бастығы Мақсұт Өтетлеуов мекеменің өндірістік аймағында атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасады.
Өндірістік аймақта барлығы 9 кәсіпкер 300-ге жуық сотталғанды жұмыспен қамтып отыр. Мекеме қызметкерінің айтуынша, сотталғандардың жұмыспен қамтылуы олардың пайдасына шешіліп, тек жақсылыққа бастайды.

  • Сотталғандар мекеме әкімшілігі бекіткен күн тәртібімен ағаш өнімдерін, қолөнер бұйымдарын, гипстен жасалған бұйымдар, пескоблок, наубайхана, тігін өндірісі, дәнекерлеу жұмыстары мен газоблок, кірпіш өндіру жұмыстарымен айналысады. Соның ішінде «Әділет» жеке кәсіпкерлігі 30 сотталғанды жұмыспен қамтуда. Күніне 5000 кірпіш жасап шығаруды мақсат еткен кәсіпкер алдағы уақытта тұтынушы сұранысына сай жұмысшы сотталғандар санын 50 – ге жеткізуді көздеп отыр. Барлық еңбек етіп жүрген азаматтардың толықтай құқықтары қорғалған. Оларға жалақы төленеді. Зейнетақы қорына ақшалары аударылады. Өндірістік жарақат ала қалған жағдайда да көмек көрсетіледі,-деді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру блімінің бастығы А.Абдреймова.
    Жасап жатқан жұмысының қыр-сырын жетік меңгерген сотталған азамат, бостандыққа шығып, өз кәсібін ашқысы келетінін де жасырмады.
  • Жеке кәсіпкерлік зауытында кірпіш өндіруші болып еңбек етудемін. Жалақымыз уақытылы төленеді. Зейнетақы қорының аударымдары жөнінде де осылай дей аламын. Мұндағы жұмысым өзіме ұнайды. Бастапқыда бұл істің жай — жапсарын білмегеніммен, қазір өз ісімнің маманымын деп айта аламын. Бостандыққа шыққанда өзімнің де осындай кәсібім болғанын қалаймын,- деді жазасын өтеушілердің бірі.
    Сотталған азаматтардың жасап жатқан жұмыстарына оң баға берген ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Ж.Әбдіқайыров алдағы уақытта жұмыс беруші кәсіпкерлер санын арттыруды тапсырды.
    Адина Ұзақбай
    Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Ветераны-афганцы призвали участников акции «Батырларға тағзым» строго соблюдать закон и общественный порядок

Председатель общественного объединения «Союз ветеранов Афганистана» Мурат Абдушукуров на...

Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

«Платишь – молчишь. Эта эпоха заканчивается»

Максут Насибулов - о реформе жилищного управления, исчезающих деньгах...