30 қарашада ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, еліміздің кейбір облыстарында 30 қарашада қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер қатты жауын-шашын, тұман және көктайғақ болатынын болжайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік шығыстан батысқа ойыса 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында -40 градус аяз болады.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын болады (қар аралас жаңбыр). Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аумақтары мен тау бөктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Тау асуларында оңтүстік батыстан қатты жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Шымкент қаласында тұман түсіп, көктайғақ болатыны болжанады.

Түркістанда да тұман, көктайғақ болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Өңірдің солтүстігінде, шығысында солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды.

Алакөл аумағында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғарыға жетеді деп болжанады.

Синоптиктер республикамыздың көп бөлігі әлі де суық солтүстік антициклонның ықпалында екенін, осыған байланысты аязды ауа райы сақталатынын ескертеді.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...