3 ұялы телефонды чемоданның үштік түбінің астына Астана колониясына беруге тырысты

Елордалық колония қызметкерлері, бұрын жазаға тартылған азаматпен жазасын өтеп жатқан сотталғанға алып келген қажетті заттармен азық-түлік арасында 3 ұялы телефон және оның аксесуарларын мекемеге кіргізу фактісін болдырмады.
Бұл заттар 3 қабатты жасырын түбі бар чемоданда, рентген қондырғысымен тексеру кезінде анықталмауын қамтамасыз ету үшін алдын – ала фольгаға оратылып жасырылған.

«Хабаршының» айтуы бойынша, оған белгісіз адам 10 мың теңге сомасында сыйақы үшін телефондарды беруге тырысты. «Хабаршы» ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабында (ҚАЖ мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға, тыйым салынған заттарға, бұйымдар мен заттарға беру) көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Аршалы аудандық сотының қаулысымен оған 10 АЕК айыппұл түрінде жаза тағайындалды, сондай-ақ алынған телефондар мемлекет кірісіне айналдырылды.                                                                                                                          

«Астана ҚАЖД мен оның ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жан-жақты кешенді қабылданған шараларының нәтижесінде тыйым салынған заттардың, оның ішінде ұялы телефондардың елордалық ҚАЖД мекемелеріне енуінің кезекті арнасы жойылды. Сотталғандардың пайдалануға тыйым салынған заттарды,  сондай — ақ басқа да ену арналарын белгілеуді болдырмау және мекеме аумағына кіргізбеу бойынша жұмыстар жалғасуда және ерекше бақылауда», — деп атап өтті елордалық ҚАЖД бастығы Дәулет Рақымбеков.

В учреждении №57 выявлен тайник с запрещенными предметами

В учреждении №57 Департамента уголовно-исполнительной системы по Алматинской области...

№57 мекемеде тыйым салынған заттары бар жасырын орын анықталды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №57...

«Ұлттық кітап күніне» орай тағылымы терең, мәні зор іс-шара өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №21 мекемеде...

Проведено совещание по вопросам организации трудовой занятости осуждённых

В учреждении средней безопасности УИС по области Абай проведено...