№3 мекемеде сотталғандар арасында спорттық іс-шара өтті

«NS Жас Жігер» жобасы аясында 4 желтоқсанда Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №3 мекемесінде сотталғандар арасында 3 спорт түрінен: армрестлинг, арқан тарту және гір тасын көтеру бойынша спорттық іс-шаралар өтті.

Іс шараның басты қонақтары:

Цырульник Сергей Валерьевич — қазақ батыры, төрт дүркін әлем рекордшысы
Айтым Жақыпов — Street Workout Kazakhstan негізін қалаушы. Келген қонақтар қатысушыларға өздерінің күш жаттығуларын көрсетіп, үлкен қолдау білдірді!

56 қатысушылар бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.

Аталмыш спорттық жарыстар тізбегі Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен және Астана қаласы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтті.

Абай облысы ҚАЖ мекемелері арасында шахматтан онлайн турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ басқармасының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

В учреждении минимальной безопасности состоялся онлайн-турнир по шахматам

В учреждении минимальной безопасности УИС по области Абай состоялся...

Абай облысының мекемелерінде онлайн шахмат турнирі өткізілді

Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар...