29 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің батыс өңірлері әлі де циклон ойпатының ықпалында болады, осыған байланысты қар аралас жаңбыр жауады.

«Елдің солтүстік – батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен қар, оңтүстігінде жаңбыр, қар жауады. Тек ҚР оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанды», — делінген хабарламада.

Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болжанды, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, кей уақыттарда қар жауады. Шығыстан жел соғады, күші – 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -12-14 градус, күндіз -8-10 градус болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -4-6 градус, күндіз +1+3 градус болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде 0,-2 градус, күндіз +6+8 градус болады.

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...