25 мыңнан аса қазақстандықтың жалақысы өседі

2025 жылы 25 мыңнан аса қазақстандықтың жалақысы өседі. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде Ләззат Жүсіпова Қазақстанда табиғи монополиялар туралы заңға түзетулер енгізілгенін еске салды. Бұл су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған.

«Осының арқасында 1 шілдеден бастап «Қазсушар» қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл өзгеріс сумен жабдықтау және су бұру саласында жұмыс істейтін 25 мыңнан аса қызметкердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Өңірлерге және статистика деректеріне байланысты жалақы орташа есеппен 35-50 пайызға дейін өседі», — деп толықтырды Жүсіпова.

Табиғи монополиялар туралы заңға түзетулер биыл 1 қыркүйекте күшіне енеді.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.