25 мыңнан аса қазақстандықтың жалақысы 50 пайызға дейін көбейеді

Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді көздейтін «Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген түзетулер күшіне енді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазір Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі осы заңды іске асыруға бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы биыл қыркүйектен бастап артады. Ел бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсететін 25 мыңнан аса қызметкердің жалақысы өседі. Аймақтарға байланысты және ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес еңбекақы орта есеппен 35-50%-ға көбейеді», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұл түзетулерді әзірлеу былтыр басталған болатын. Биыл маусымда заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді.

Мұнай бағасы тағы өсті: Brent мұнайының құны 103,08 долларға жетті 

Азия сауда сессиясының басында мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Brent мұнайы баррелі 2,8%-ға қымбаттап, 103,08 долларға, ал WTI мұнайы шамамен 3%-ға өсіп, 96,25 долларға жетті.

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов елге оралды 

Ербол Хамитов Астанаға оралды. Астана әуежайында спортшыны туған-туыстары, жанкүйерлері және спорт қауымдастығының өкілдері қарсы алды.

Референдум-2026: Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды 

Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары жарияланды.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.