Алматыда тауға шығам деушілер енді тіркеуден өту керек

Алматыда тауға шығардан бұрын туристерді енді міндетті түрде тіркеуден өткізеді. Бұл бастаманы қауіпсіздікті арттырып, оқыс оқиғаның санын азайту үшін қолға алғалы отырмыз. Өңірлік коммуникациялар қызметінде құтқарушылар мен туризм басқармасының өкілдері осылай деп мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Туристер арасында мұндай нәрсе жоқ болғанымен, біз оны енгізгелі отырмыз. Төтенше жағдайлар департаментімен, Алматы альпинизм федерациясымен бірлесіп осы мәселені қарастырып жатырмыз. Жобалар пулы бар, алда топтасып сапар шегетіндерді тіркей бастаймыз. Бұл ең алдымен қауіпсіздік үшін керек», — деді Алматының туризм басқармасының туристік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Ерғалиев.

Оның айтуынша, қалада таулы бағыттарды абаттандыру мен қауіпсіз инфрақұрылым құру жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр екен.

«Қазіргі таңда 1000 шақырымнан астам тау жолы цифрландырылды, оның шамамен 850 шақырымы абаттандырылған. Бағыттаушы белгілер, навигациялық көрсеткіштер орнатылып, демалыс аймақтары мен қауіпсіздік элементтері жабдықталған. Былтыр қосымша 100 шақырым сүрлеу абаттандса, биыл тағы 350 шақырымды қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ төтенше жағдайда құрылғыларды қуаттауға мүмкіндік беретін күн панельдері бар кемпинг аймақтары жасалды», — деп қосты Дәурен Ерғалиев.

Құтқарушылардың айтуынша, таудағы оқыс оқиғаның көпшілігі туристердің жолға дайындықсыз шығып, қауіпсіздік ережесін елемеуінен болады екен.

«Киім мен аяқ киімді дұрыс таңдамайды, жолға шығарда қолайсыз уақытты таңдап алады. Адамдар көбіне күн райы мен жүретін жолының күрделілігін ескермейді. Сапарға алдын ала дайындалып, шама-шарқына қарап алу керек. Бұл қауіпті жағдайдың алдын алуға көмектеседі», — дейді ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің бас құтқарушысы Вадим Пак.

Ол сондай-ақ жабайы жануарлармен кездескен жағдайда өзін қалай ұстау керектігін еске салды.

«Жануарларды үркітпеу керек, дүрлікпеуі керек. Сабыр сақтап, ақырын-ақырын шегіншектеп, арақашықтықты сақтау қажет. Жақындап, суретке түсіп, назар аудартуға тырыспау керек. Бұл солардың тіршілік ететін ортасы, сондықтан шектен шықпағаныңыз дұрыс», — деп атап өтті Вадим Пак.

Сонымен қатар құтқарушылар тауға шығарда жақын-жуықтарына бағытын хабарлап, өзімен бірге қажетті заттарды алып жүруі керектігін айтты.

«Сапарға шығарда қайда баратыныңызды, қашан оралатыныңызды міндетті түрде хабарлау айту керек. Өзiңiзбен бірге дәрі қобдишасын, су, азық-түлік пен жылы киім ала жүріңіз. Навигацияны қолдана білу керек, күн райына да көз жүгіртіп қойған артық болмайды», — деп толықтырды Вадим Пак.

Мамандардың айтуынша, осы қарапайым ережелерді сақтау мен туристерді тіркеу сияқты жаңа ережелерді енгізу таудағы демалысты қауіпсіз етіп, төтенше жағдайдың санын азайтуға сеп болмақшы.

Жала жауып, жазасыз қалуға бола ма? Жалған айғақ үшін қандай жаза бар?

Сотта берілген жалған айғақ басқа адамның беделінен, ақшасынан, бизнесінен, кейде тіпті бостандығынан айырылуына әкелуі мүмкін.

Шаг к свободе

ЗА ЦИФРАМИ АМНИСТИИ – РЕАЛЬНЫЕ СУДЬБЫ. ДЛЯ ОДНИХ ОСУЖДЕННЫХ...

Павлодарда жылыту маусымы басталды 

«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, 14 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлерге жылу кезең-кезеңімен беріле бастады.

Несиесін уақытында төлей алмағандарға 60 күн қосымша уақыт беріледі 

Жаңа тәртіп 21 қыркүйектен бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай өзгеруде? 

Қазақстанда бір апта ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді. Әсіресе картоп, пияз және қырыққабат арзандады.