Білім берудегі реформа: Педагог біліктілігі енді қалай бағаланады? 

Оқу-ағарту министрлігі жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі мақсаты — педагог еңбегін әділ әрі ашық бағалау жүйесін қалыптастыру, артық талаптар мен негізсіз қаржылық шығындарды қысқарту екеніне мәлім етті, деп забарлайды BAQ.KZ.

Жаңа аттестация педагогтердің жұмыс нәтижелеріне негізделеді әрі барынша түсінікті, объективті форматқа көшіріледі.

Негізгі өзгеріс — педагогтердің білімін бағалау тесті толығымен тоқтатылады. Тестілеуден педагогикалық мамандық бойынша оқу орындарын аяқтап келген жас мамандар, педагогикалық өтілін тоқтатып, қайта жұмысқа орналасуға ниет білдірген педагогтер өтеді. Және ПББ тесті білім беру ұйымдарының басшылары, басшы орынбасарлары, әдістемелік орталық (кабинет) әдіскерлері үшін де сақталады. Мектепте кемінде 2 жыл үздіксіз еңбек өтілі бар педагогтер біліктілік санатын алуға өтінім бере алады. Олардың біліктілігін бағалау жаңа Қағидаларға сәйкес тек практикалық нәтижелер негізінде жүргізіледі. Яғни, педагогтің портфолиосындағы кәсіби жетістіктері мен оқушыларының нәтижесі, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудегі деңгейі бағаланады, — делінген ведомствоның хабарламасында. 

Сондай-ақ министрліктің баспасөз қызметі барлық деңгейлер үшін авторлық бағдарламалар мен оқу-әдістемеліктерін ұсыну талабы алынғанын айтты. 

Аталған өзгерістер 2027 жылдан бастап енгізілетін аттестаттау жүйесіне байланысты екенін естеріңізге саламыз. Жаңа жүйеге біртіндеп көшу мақсатында өтпелі кезең енгізіледі. ПББ-ны бірінші рет тапсыру кезінде мәлімделген біліктілік санатына қажетті шекті балл жинай алмаған педагогтердің қолданыстағы біліктілік санаттары мен тиісті үстемақылары толық көлемде сақталады. Олардың аттестаттауы 2026-2027 оқу жылына ауыстырылып, жаңа Қағидалар бойынша, ПББ тапсыру қажеттілігінсіз өткізіледі. ПББ тапсыру енді аттестаттаудан өтудің міндетті шарты болып табылмайды, — делінген хабарламада.

Осылайша, жаңа Қағидаларда аталған норманың алып тасталуына байланысты ПББ-ны қайта (ақылы негізде) тапсырудың күші жойылды. ПББ-ны қайта тапсыру үшін төленген қаражат толық көлемде қайтарылады.

Тестілеуден өткен, белгілі шарттарға сәйкес ПББ тапсырмай санаттарын растайтын педагогтер қолданыстағы Қағидаларға сәйкес аттестаттаудан осы оқу жылында өтеді. Қазіргі уақытта педагогтерді аттестаттаудың жаңа форматының қағидалары әзірленуде. Оқу-ағарту министрлігі бұл модельді енгізу мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізетін болады, — деп хабарлады Оқу ағарту минитсрлігі. 

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.