25 қарашаға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 25 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, боран соғып, көктайғақ болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі, таулы аудандарда күші 15-20 м/с жел соғады.

Жетісу облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні — 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с7

Астанада қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында тұман.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып күндіз екпіні 25 м/с.

Абай облысының басым бөлігінде қар жауады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың шығысында көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан соғады облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні -15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың шығысында қатты қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарындағы екпіні — 15-20 м/с.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...