12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

24 маусым — Судья және сот қызметкерлері мерекесі

    Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі: «24 маусым – Судья және сот қызметкері күнімен» толықтырылды. Ол жыл сайын республикада 24 маусымда атап өтіледі», – деп ресми құжатта жазылған болатын.

     Бұл өз кезегінде мемлекет басшысының сот саласындағы ауқымды жобалары мен оларды ұдайы дамыту, судьялардың біліктілігін, аталған саланы модернизациялауды  тапсырғаннан кейін осы бір төл мерекеге де ерекше көңіл бөліне бастады. Қандай да бір салаға мерекелік күнді бекіту дегеніміз саланың жауапкершілігін, халық алдындағы абыройын арттыруда үлкен бастама болып табылады.

    Аталған салада еңбек ететін қызметкерлердің функционалдық міндеттері аса қатты жауапкершілікті талап етеді.

      Судья – сот саласының тірегі. Ал сот ғимаратына кірген азаматтарды қабылдап, сұрақтары бойынша бағыт-бағдар беретін сот кеңсесінің мамандары. Кеңсе меңгерушісі – сот кеңсесінің жұмысы мен соттағы іс жүргізуді ұйымдастырады. Бас маман – сотқа түсіп қаралған істер мен материалдар бойынша  іс қағаздар жүргізу, істерді қабылдау, есепке алу, сақтау және сараптамалық есептер жүргізіп отырады. Бас маман-сот отырысының хатшысы – сот отырысын толық ұйымдастырып, азаматтардың сотқа келуін қамтамасыз етіп, сот отырыстарының хаттамаларын әзірлейді. Аға сот приставы – сот отырысы кезінде залда тәртіп сақтау, сот үйлерін күзетуді, судьяларды және процестың қатысушыларын күзету қызметтерін жүзеге асырады. Жетекші мамандар сот жұмысының жариялығын қамтамасыз етіп, кіріс-шығыс журналдарын толтырып, мұрағат қызметін ұйымдастырумен айналысады.

      Мінекей, осындай сала мамандары үлкен істердің басын құрап, еліміздің сот жүйесін ілгері дамытуда еңбек етуде.

       Заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттарын бекітіп, азаматтардың құқықтық қорғалуының сенімділігін қамтамасыз ететін адами мәселелерді бірінші болып қолға алатын судьялар. Үшінші билік өкілі саналатын олар еліміздің және қазақстандық қоғамның өміріндегі терең өзгерістер кезеңінде, демократиялық және құқықтық мемлекет құру, қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтық бейбітшілікті сақтау жолында  маңызды рөл атқарады. Өйткені, біз барған сайын күрделі әлемде өмір сүріп жатырмыз. Күнделікті болсын, нарықтық қатынастар саласында болсын даулар мен жанжалдарды шешу судьядан жоғары білімді, тәжірибені және мінсіз адами және тұлғалық қасиеттерді талап етеді. Ендеше, қоғамдық теңдікті, азаматтар құқығын қорғауда елеулі үлесі бар судьялар мен сот қызметкерлерінің мерекесі құтты болсын!

                                               Қызылорда қаласының

 әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі

 мамандандырылған сотының

бас маман, сот отырысының хатшысы

Жанар Асқарова

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...