23 сотталғанның жеке куәлігі қайта қалпына келтірілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің арнайы есепке алу тобы сот үкімімен мекемеге қабылданған жазасын өтеушілерді жеке істерімен қабылдап, зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Жеке істерінде қателіктер анықталған жағдайда сот үкімі шығарылған соттардан түсіндірме сұратылады. Сондай-ақ жазасын өтеуші азаматтарды құжаттандыру жұмысымен де айналысады. Қалалық көші –қон полиция басқармасына құжаттандыру бойынша сұраныс хат жолданады. Одан әрі көші –қон қызметкерлерімен бірлесе құжаттандыру мәселесінің жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан 23 сотталғанның жеке куәлігі қайта қалпына келтірілген.

-Мекеменің арнайы есепке алу тобының аға инспекторы әділет капитаны Мерей Табылғанованың айтуынша мерзімі жақындаған жеке куәліктерін уақыт созбай қалпына келтіріп береміз. Мекемеде сотталғандарды құжаттандыру мәселесі  бірінші кезекте қойылады.  ҚАЖ мекемелерінен босатылғаннан кейін жеке басының куәландыру құжатымен тұрғылықты мекенжайына барып тіркеліп, жұмысқа орналасады немесе денсаулық жағдайын байланысты жергілікті емханаларға тіркеуге алынады. Мекемеден жыл басынан 150-ден астам жазасын өтеуші босатылды,-дейді әділет капитаны М.Табылғанова.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...