12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні

Жыл сайын атаулы мерекеге орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекеме кітапханасында түрлі мәдени шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биылғы кітап мерекесі 21-сәуір күні «Кітап — қымбат қазына» атты іс-шарамен бастау алды. Аталған шараға Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері 30 кітап сыйға тартып, мекемеде жазасын өтеп жүрген кітапсүйер қауымды келіп түскен жаңа басылымдармен таныстырып, түрлі саладағы әдебиеттерді назарға ұсынды.

Жаза мерзімін өтеушілер арасында оқу мәдениетін арттырып, оқырманға қолдау көрсету мақсатында өткізілетін бұл шара биыл да жалғасын табуда. Бүгін кітапхана қоры жаңа кітаптармен толығуда. Әсіресе, қазақ тілдегі кітаптар өте көп. Соның ішінде жазасын өтеуші оқырмандардың назарына іліккен кітаптардың бірі — Фариза Оңғарсынованың шығармалар жинағы. Ақынның бұл жинағы – тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялық — көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылық. Алдағы уақытта мекемедегі кітап сөрелерін өзге де ақын-жазушылардың шығармашылығына арналған кітаптармен толықтыру жоспарлануда,- деді тәрбие бөлімінің бастығы әділет аға лейтенанты Мағжан Әбдімажитов.

Шара соңында жазасын өтеуші азаматтар Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұжымы мен мекеме әкімшілігіне өз алғыстарын айтып, рухани дамуларына үлесін қосып жатқандары үшін ризашылықтарын білдірді.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

Марапатқа лайық маман…

Талай адам балалық шағында полиция қызметкері болуды армандайды. Өйткені...

Cостоялся круглый стол, посвященный итогам Республиканской Недели репродуктивного здоровья

Сегодня состоялся круглый стол, посвященный итогам Республиканской Недели репродуктивного...

Республикалық Репродуктивті денсаулық апталығының қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат...

«Азаматтық қоғам 2.0»: Жетісу форумында өңірлік дамудың инновациялық шешімдері ұсынылды

Жетісу облысында елімізде осы жылда алғаш рет ұйымдастырылған «Азаматтық...

Условия неосновательного обогащения

Из содержания п. 1 ст. 953 Гражданского кодекса РК...