21 қыркүйектен бері 200 мыңға жуық шетелдік ЖСН алуға өтініш берген

21 қыркүйектен бері Қазақстанда шетелдіктерден ЖСН алуға 200 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрінің орынбасары Әсет Тұрысов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«21 қыркүйектен бері 200 000-ға жуық өтініш түсті. Бұл жалпы барлық шетелдіктен. ЖСН беру туралы нақты ақпарат бере алмаймын. Осы жерде бизнеспен айналысып немесе жұмысқа орналасып, банктен есепшот ашқысы келетін кез келген шетелдік азамат ЖСН алуы керек», — деді Тұрысов Мәжіліс кулуарында.

Еске салайық, 2022 жылдың наурызында Қазақстанда ЖСН алған ресейліктердің саны 2021 жылдың наурызымен салыстырғанда 14 есеге өсті. Былтыр Ресейдің 14 717 азаматы ЖСН алған. Сонымен қатар, 2022 жылдың алғашқы үш айында ғана 12 840 ресейлік азаматқа ЖСН берілген. 

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...