12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

21 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 21 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты республиканың 11 өңірінде ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Жетісу облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік болады.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні — 17-22 м/с.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с шаңды дауылмен сақталады.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстігінде екпіні 15 м/с.

Маңғыстау облысының орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні — 23 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облысының оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады 15-20, екпіні — 23 м/с. 21-22 сәуірде түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік болады.

В Алматы в комьюнити-центрах проходят диалоговые площадки для молодежи

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики города во...

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың...

В Алматы завершился сезон кинопоказов под открытым небом

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики волонтеры в...

Алматыда ашық аспан астындағы кинокөрсетілім өз мәресіне жетті

          Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала волонтерлері жаз...

Ұлттық ұланда жаңа техника: Сарбаздар көлікпен күзгі вальс орындады

Құқықтық тәртіп әскерінің автопаркі жаңа көліктермен толықты. Су жаңа...