21 ақпанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 21 ақпанда Астана мен Алматыда және тағы 14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады.

Ақмола облысында да бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Желдің екпіні — 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында тұман болады. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Атырау облысында тұман, көктайғақ, сонымен бірге екпіні секундына 15-20 метр болатын жел тұрады.

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ. Мұнда да желдің екпіні — 15-20 м/с.

Алматы облысы мен Алматыда тұманды болады.

Қарағанды облысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Маңғыстау облысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астананың жолдарында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады.

Абай облысында да жаяу бұрқасын, екпіні секундына 25 метрге жететін жел соғады.

Павлодар облысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысында тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың солтүстігіне қатлың қар түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында жаяу бұрқасын жүреді, тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...