2026 жылы зейнетақы неге тек 10%-ға өседі

Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенатта өткен брифингте 2026 жылға арналған зейнетақы индексациясының параметрлеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер зейнетақының неге тек 10%-ға өсетіні туралы сұрағанда, Жұманғарин бұл есептің болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерге сүйеніп жасалғанын айтты.

Біз орташа инфляция деңгейін 9–10 пайыз болады деп болжадық. Сол себепті индексацияны 10 пайыз деңгейінде белгіледік. Қазіргі таңда бұл – бюджет мүмкіндіктеріне сәйкес жасалған шешім, – деді вице-премьер.

БАҚ өкілдері индексацияны қайта қарау немесе өсіру мүмкіндігі бар ма деп сұрағанда, министр мұндай жоспар жоқ екенін атап өтті.

Қосымша өсім қарастырылмайды: 10 пайыз сол күйінде қалады. Бұл көрсеткіш бюджетке енгізілген, – деп жауап берді Серік Жұманғарин.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық экономика министрі өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігі 33%-ға дейін төмендейтінін айтқан болатын.

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.