12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

2026 жылы мұғалімдердің жалақысы өсе ме?

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі 2026 жылы педагогтардың жалақысын көтеру мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берді. Ведомство өкілдері мұғалімдердің жалақысы Қазақстан халқына жолданған Президент Жолдауында берілген тапсырмалар аясында айтарлықтай өскенін еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының лауазымдық жалақылары төрт жыл бойы жыл сайын 25%-ға артты. Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбиешілер мен педагогтардың жалақысы 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес 30%-ға өсті, – деп хабарлады ведомство редакцияның ресми сұрауына.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы барлық педагогтың жалақысы 2019 жылмен салыстырғанда 100%-ға өскен. Ал мектепке дейінгі тәрбие педагогтарының жалақысы 130%-ға артқан.

Мұғалімнің жалақысы оның біліміне, біліктілік санатына, еңбек өтіліне, жүктемесіне, сондай-ақ өтемақылық және ынталандыру төлемдеріне байланысты. 2025 жылы мұғалімнің бір ставка бойынша орташа жалақысы 393 мың теңгені құрады, – деп толықтырды Оқу-ағарту министрлігі.

Сондай-ақ, министрлік Азаматтық қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес біліктілік санатына қарай қосымша ақы төленетінін еске салды: «Педагог-шебер» – лауазымдық жалақысының 50%-ы, «педагог-зерттеуші» – 40%, «педагог-сарапшы» – 35%, ал «педагог-модератор» – 30% көлемінде алады.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73-бабына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары міндетті түрде Республикалық бюджеттік комиссияда қаралуы тиіс, – деп түсіндірді министрлік.

Яғни, 2026 жылы мұғалімдердің жалақысын көтеру мүмкіндігі туралы шешімдер бюджет комиссиясының қарауынан өтіп, мақұлданғаннан кейін ғана қабылданады.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының...

Опубликован проект новой Конституции Республики Казахстан

Комиссией по Конституционной реформе опубликован проект новой Конституции Казахстана. Проект...

К новому этапу зрелости государства

КОМИССИЯ ПО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЕ ОБЪЕДИНИЛА ВСЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В ЕДИНЫЙ...

Зейнетақы төлемін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді

Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қазақстан халқының 30%-ға жуығы құмар ойындарға қатысқан

Қазақстан халқының 29%-ында құмар ойындар мен лотереяларға қатысу тәжірибесі бар. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков ведомство алқасының отырысында мәлімдеді.